«РАҚМЕТ» СӨЗІНІҢ МАҒЫНАСЫН БІЛЕСІЗ БЕ?
«РАҚМЕТ» СӨЗІНІҢ МАҒЫНАСЫН БІЛЕСІЗ БЕ?
14.06.2019 10:30
1368
0

«Рақмет» сөзі «рақым ет» деген екі сөздің қосындысы емес. Рақмет сөзі түптеп келсек арапшадағы «Рахмəтун-رحمة» (немесе «рахмəтƏн») сөзінің қазақшадағы үлгісі.

Мағынасы: Мейірім, рақымдылық. (Қазақта оның соңғы «ун» жалғауын оқымай, «рахмат» деп айтуы əдеттегі іс. «Махаббатүн-محبة» сөзінде де «үн» жалғауын тастап «махаббат» деп айтып кеткен).

Бізде ол сөзді алғыс сөзі ретінде қолдануының өзіндік мəні бар. Бір кісіге алғыс білдірерде «рақмет» деу арқылы біз оған: «Саған Алланың рақымы болсын» деп бата берген боламыз. «Рақмет» сөзінің астарында осындай дұға-тілек жатыр. 

 

Абдусамат Қасым

0 пікір