Құран кәрімнің ерекшеліктері
Құран кәрімнің ерекшеліктері
07.07.2015 11:30
3603
0

  Алланың соңғы елшісі, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с.) түсірілген Құран кәрім – мұсылман жұртышылығының қасиетті кітабы. Құран кәрімді өзге қасиетті кітаптардан ажыратып тұратын бірнеше ерекшелік бар:

  1. Құран кәрім ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) түскен қалпынан ешбір өзгеріске ұшырамай бүгінге жеткен. Қиямет күніне дейін де сол қалпында жетеді. Басқа қасиетті кітаптарға адамдардың қолымен жазылған өзгерістер еніп, олардың кейбірі толықтай өзгеріп, мазмұны жойылып кетсе, екінші біреулері ішінара өзгерген. Олардың ешқайсысы Алладан түскен қалпында сақталмаған. Ал Құранды өз қорғауына алатынын Алла Тағала былай деп баян етеді: «(Уа, Мұхаммед!) Құранды саған Біз түсірдік және оның қорғаушысы да Біз» («Хижыр» сүресі, 9-аят);
  2. Құран кәрім толықтай бүтін күйде емес, уақыт пен түрлі оқиғаларға орай аяттар мен сүрелер күйінде бірте-бірте түсіп отырған. Бұл оның оңай жатталынып, терең түсінілуіне жағдай туғызды;
  3. Құран кәрім – ең соңғы иләһи кітап; Одан кейін Алла Тағала тарапынан ешбір қасиетті кітап түсірілмейді.
  4. Құранның үкімдері Қиямет қайымға дейін өтімді болады. Өзге кітаптар белгілі бір қауымға, белгілі бір уақытқа қана арналып жіберілген болатын;
  5. Құран кәрім әрбір дәуірдің бүкіл қажеттіліктерін толық өтей алатындай ақиқаттар мен хикметтерге толы.

 

    Құлшылық энциклопедиясы   

Дін дегеніміз не?
Ислам діні
Иман негіздері
Алла Тағалаға иман
Аллаға қалай сену керек?  

Таухид деген не?
Періштелер қандай жаратылыс?
Үлкен періштелер мен олардың қызметтері
Періштелерге иманның пайдалары мен әсерлері
Кітаптарға иман

 

0 пікір