«ҚҰДАЙ ҚАЛАСА» ДЕП АЙТУДЫҢ СЫРЫ
«ҚҰДАЙ ҚАЛАСА» ДЕП АЙТУДЫҢ СЫРЫ
02.07.2021 11:09
1043
0

Бұрынғы кезде бір отбасындағы әйелі әрдайым аузынан Алланы тастамай жүруге тырысатын болған екен. Бірақ еріне соны бір үйрете алмай қойыпты.

Бір күні күйеуі үйінде жинаған ақшасына базардан барып сиыр алуды ойлайды. Соны әйеліне айтқан кезде, әйелі:

 «Алла қаласа, аламын деп айтсаңшы» дейді.

 Оған күйеуі ашуланып:

 «Қолымда жеткілікті ақшам бар, базарда сиыр бар. Барып ала саламын. Оған «Алла қаласа» деп айтудың не қажеті бар?» деп бұлданады.

 Сонымен базарға сиыр алуға кетеді. Бірақ барғанымен ала алмай қайтады. Неге? Өйткені, жолда ақшасын жоғалтып алған екен. Содан соң әйелі айтқан «Алла қаласа» деп айтудың маңыздылығын түсінеді. Содан құр қол үйіне қайтып келеді. Есікті қаққанда әйелі кім екенін сұрайды. Сонда күйеуі жауапқа:

«Алла қаласа, күйеуің боламын» деп айтады.

 Әйелі күйеуіне бұлай әрбір нәрсе үшін емес, алда жасалатын істерге «Алла қаласа» деп айту керек екенін түсіндіреді. Осылайша, күйеуі де бұл сөздің маңыздылығын түсінген екен.

0 пікір