Құдай әр қадамыңды қадағалап отырғанын өзің де сезесің...
Құдай әр қадамыңды қадағалап отырғанын өзің де сезесің...
26.07.2018 11:58
1160
0

Сыртыңнан Құдай бақылап отыр деп қиялдау – көнеден келе жатқан мағынасы зор сабақ. Бұл қиял бүкіл өміріңді өзгертеді. Осы ой жүрегіңе тереңдеген сайын, яғни Құдай әр қадамыңды мүлт жібермей қадағалап отыр деп ойлағаннан – біртіндеп көзге көрінер-көрінбес өзгерістер басталады. Өзің істей алмайтын кей дүниелер өздігінен бола бастайды. Егер Құдай қарап тұр-ау деп ойласаң, кей істерің соншалық ақымақшылық, қисынсыз болатынын байқайсың. Бұрын-соңды істеп көрмеген қайбір істі оп-оңай орындай саласың. Себебі, Құдай бәрін көріп тұр деп мазасызданасың. 
Бір қарағанға өте қарапайым тәсіл. Бұл тәсіл адамның болмысында жаңа өзгерісті тудырады. Небәрі жеті күннен кейін кішкентай өзгерістердің бола бастағанын анық байқайсың: басқаша жүре бастайсың, жүріс-тұрысың әсемденіп, мінезің көркем бола бастайды, себебі сыртыңнан Құдай қарап тұрғанын сезесің. Бұдан былай сен жалғыз емессің. Ұлы Жаратушы әрдайым саған көз қырын салып отырады. 

Сыртыңнан біреу-міреу бақылап отыр деп ойлағаннан адам баласы сергек әрі саналы бола бастайды. Біреу бақылаған кезде ессіздік пен санасыздыққа жол бермейсің. 

Сыртымнан Құдай қарап тұр-ау деген сезім болмысыңның ерекшелігіне айналады. Сонда саналы түрде есейгеніңді түсіне бастайсың. Сондықтан мұндай сезімге ықтиятты бол. Үнсіз отырған кезде көзіңді жұмсаң, Құдай әр қадамыңды қадағалап отырғанын өзің де сезесің...

 

Аударған Шынар Әбілдә

 

0 пікір