Қожа Ахмед Яссауи рахматуллаһтың салауаты
Қожа Ахмед Яссауи рахматуллаһтың салауаты
26.11.2018 09:44
441
0

«Он сегіз мың ғаламға сардар болған Мұхаммед. (с.ғ.с.)
Отыз үш мың асхабқа бағдар болған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Қанағатқа қалыбы құрбан болған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Жамағатқа жалыны нұрдан болған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Адасқанның ақ жолын анық қылған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Құран оқып Аллаға зарық қылған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Өлмегеннің кеудесін жарық қылған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Шөлдегенді кәусарға қанық қылған Мұхаммед.(с.ғ.с.)

Ғаріппенен жетімді нәрлендірген Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Тарыққаның жүрегін әлдендірген Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Абу Жәһил Лахапқа алынбаған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Ораза мен намаздан жаңылмаған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Қасіретпен қайғыңды арқалаған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Малғұн лағин шайтаннан қалқалаған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Шариғаттың жолында бақтың гүлі Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Тарихатқа жетекші пәктің пірі Мұхаммед.(с.ғ.с.)

Дұғалары мәңгілік қабыл болған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Төзім менен серігі Сабыр болған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Жамандыққа жақсылық нәсіп қылған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Ақиқатқа ұйытып ғашық қылған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Шапағатын Алланың шашып туған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Залымдардың кеудесін басып туған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Сәжде қылып иіліп Ұлықтанған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Тағат қылып нәпсіге құлып салған Мұхаммед.(с.ғ.с.)

Бес уақыт намаз болғанда имам болған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Миғраж асып Құдайға мейман болған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Таспих айтып тазармай танылмаған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Аршы Күрсі базары сидан боған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Сегіз бейіш иесі уәли болған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Міскін Ахмед зарланып қари болған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Жарды сүйіп баршаға дана болған Мұхаммед.(с.ғ.с.)
Жетім менен пақырға пана болған Мұхаммед.(с.ғ.с.)».

0 пікір