ҚИЯМЕТ КҮНІ АЗАБЫ АУЫР БОЛАТЫН ҒАЛЫМ
ҚИЯМЕТ КҮНІ АЗАБЫ АУЫР БОЛАТЫН ҒАЛЫМ
10.09.2021 10:16
388
0

Имам Ғазали (рах.) былай дейді:

«Насихат айту оңай, оны қабылдау қиын. Өйткені, нәпсі қалауына ергендерге насихатты қабылдау қиынға соғады. Мұндайлар шариғат тыйған нәрселерге қызыға қарайды. Әсіресе ілімді дүниеде пайда табу үшін үйренгендерге насихат мүлдем әсер етпейді.

Олар амал етпейді, білім бізге жетеді, осы біліміміз бізді о дүниедегі азаптан құтқарады  деп ойлайды. Осыған қоса мұндай адамдар көп өтпей алған білімдері оларды мақсат-мұраттарына жеткізеді деп ойлайды. Осы теріс пікір оларға амал етуді керексіз етіп көрсетеді. Мұндай ой-пікірде болудан Аллаға сыйынамыз. Осылайша амал етілмеген ілім өздеріне қарсы айғақ болады.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадис шәріпінде былай деген:

«Қияметте ең ауыр азапқа душар болатын адам (амал жасамағандықтан) ілімі өзіне пайда бермеген ғалым». 

 

 

0 пікір