Қарызбен атты жүргенше, қарызсыз жаяу жүрген артық...
Қарызбен атты жүргенше, қарызсыз жаяу жүрген артық...
07.12.2019 15:05
1036
0

Осман халифатының əйгілі уəзірлерінің бірі Ахмет Уафиқ паша (1823-1891) əділет уəзірі (министрі) болып тұрған шағында өзгелерден қарыз алып қарызын өтемейтін кісіні кеңсесіне шақыртып алады. Бірге отырып шай ішуге ұсыныс жасайды. Алдын-ала нөкерлерінің біріне əлгінің мініп келген атын сатып қарызын өтеуді бұйырады. Шай ішіп болған соң екеуі кеңседен шығады. Мініп келген атын таппай аңтарылып тұрған оған паша:

 "Қарызың өтелмей атты жүргенше, қарызсыз жаяу жүргенің артық" деген екен.

0 пікір