ҚАЙДАН КЕЛДІМ? НЕ ҮШІН? ҚАЙДА БАРАМ?
ҚАЙДАН КЕЛДІМ? НЕ ҮШІН? ҚАЙДА БАРАМ?
12.08.2020 12:47
2614
0

Жас едік өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған.
Енді мені үш сұрақ мазалайды:
Қайдан келдім? Не үшін? Қайда барам?

Жылдан есен шықсам да, айдан аман,
Қайдан келдім? Не үшін? Қайда барам?
Алла маған сан жетпес нығмет берді,
Соларды қалай дұрыс пайдаланам?

Қан қалмаса бойымда қайнамаған,
Тән қалмаса азулар шайнамаған.
Кімге арқа сүйеймін, жәрдем тілеп,
Тар кезеңде табаным тайғанаған?

Жан қалмаса жолымды байламаған,
Шаң қалмаса көңілді лайламаған.
Соққысынан өмірдің сынып кетпей,
Қарсы тұрар қауқарды қайдан алам?

Шүкір етсең батасың пайдаға одан,
Күпір етсең күнә бар қайғы ораған.
Алладан келдік, соған қайтушымыз,
Не арқалап қайтасың? Ойлан, Адам!

Балғынбек Имашев

 

0 пікір