ПАРЫЗ АМАЛДАРДЫ ҮЙРЕНУ
ПАРЫЗ АМАЛДАРДЫ ҮЙРЕНУ
24.08.2021 11:29
843
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Жұмақтың дәл ортасын қалаған кісі (әһли сүннет уәл) жамағатқа байлансын». («Сүнән Термизи»)

Діннің отыз екі парызын және маңызды мәселелерін білу және сену, әркім үшін парыз айн. Діннің ең маңызды мәселелері бірі - иманның шарттары. Бұл мәмселеде күмән болмайды. Өйткені, күмән бар жерде иман болмайды. Адам бала кезінен дүниелік істермен айналысып, иман - амал туралы білімді үйренуға уақыт бөлмейтін болса және сол күйінде ақыретке баратын болса, -құдай сақтасын- тозақтық болады. Сондықтан, барша жауапты ер мен әйелдер бірінші кезекте отыз екі парызды, иманның шарттарын балаларына үйрету керек. Себебі, иман болмаса, амалдың пайдасы болмайды. Отыз екі парыз мыналар:

Иманның шарттары:

1 - Аллаға,

2 – Періштелеріне,

3 – Кітаптарына,

4 – Пайғамбарларына,

5 – Ақырет күніне,

 6 - Тағдырға; жақсылық пен жамандық Алланың қалауымен болатынына иман келтіру.

Исламның шарттары:

1- Кәлима шаһадат айту,

2 - Намаз оқу,

3 - Ораза ұстау,

4  - Зекет беру

5 - Қажылыққа бару.

Ғұсыл парыздары:

1- Ауызға су беру,

2 - Мұрынға су беру,

 3 - Бүкіл денені жуу (құрғақ жер қалдырмай).

Дәрет парыздары:

 1- Бетті жуу,

2 - Қолды жуу (шынтағымен),

3 - Басының төрттен мәсих тарту,

4 - Аяқтарын жуу.

Таяммумның парыздары:

1- Ниет ету,

 2 – Қолды таз жерге ұрып, беті мен қолын.

Намаз парыздары:

Намаздан тысқары:

1 - Хадестен таһарат (дәрет болмаса дәрет алу, жүніп болса ғұсыл алу),

2 - Нәжәстан таһарат (денесі, киімі және намазы оқитын орны таза болу),

3 – Әурет жерін жабу,

4 – Құбылаға бет бұру,

5 – Уақыт,

 6 - Ниет.

Намаз ішінде болған парыздар:

1 - Ифтитах тәкбірі,

2 - Қиям (тұру)

3 - Қирағат (Құран оқу),

 4 – Рүку,

 5 – Сәжде,

6 - Соңғы отырыс.

 

 

 

0 пікір