ӨЗІҢДІ БҰЛ ӘЛЕМНЕН ШЫҒАРЫП ТАСТАСАҢ!..
ӨЗІҢДІ БҰЛ ӘЛЕМНЕН ШЫҒАРЫП ТАСТАСАҢ!..
25.12.2019 10:15
241
0

Бұл әлемде мендік дейтін ештеңенің жоқтығын түсінген кезде сіз әлемді сырттай ғана бақылап қарайсыз. Сахнада қойылым қойылып жатқандай, экранда кино көрсетілгендей сезінесіз. Таң қалып, тамсанып, ләззат аласыз, бірақ өзіңіз араласпайсыз.

 Мен бармын, мен мықтымын деп қиялдаған сайын кеңістік пен уақыт арақатынасындағы нақты орны бар көп заттың бірі болып қала бересіз. Мәңгілік еместігіңізді түсінесіз. Осал екеніңізді білесіз. Содан кейін күйбең тірлікке алаңдап өмір кешесіз. Қайтсем ұрпақ өрбітем, қайтсем тірі қалам деп күйгелектенесіз.

Алайда өзіңізді кеңістік пен уақыттың шегінен шығарып танысаңыз – оларға тек қазір және осы сәтте ғана қол тигізетініңізді ойлап, қол жетпес, мүмкін емес, мүлтіксіз өзіңізді танысаңыз, онда ешқашан әлсіз болмайсыз. Ештеңеден қорықпайсыз. Бүтін болмысыңызды тани түсесіз. 

Нисаргадатта Махарадж

Аударған Шынар Әбілдә

 

0 пікір