ӨЗІМІЗГЕ ТИІСТІ ІСПЕН АЙНАЛЫСАЙЫҚ...
ӨЗІМІЗГЕ ТИІСТІ ІСПЕН АЙНАЛЫСАЙЫҚ...
10.09.2020 09:23
233
0

Осман сұлтаны III Мұстафаның бас уәзірі Кожа Рағып Пашаның сарайында (1698-1763) рамазан айында ораза жайлы сөз қозғалады.

 Рағып паша мәжілісте отырған шайыр Хашметке (1768) қарап: «Хашмет! Сенің де қарызың бар ма?» деп сұрайды.

 Хашмет: Иә, бар мырзам! Махалланың дүкеншісіне мың құрыш (ақша түрі), қасапшысына бес жүз құрыш қарызбын»деп жауап береді.

 Рағып паша жимиып: «Оны сұрап тұрғаным жоқ. Осы оразада ұстай алмай қалған қарыз күнің бар ма деп сұрап тұрмын» дейді.

 Шайыр Хашмет: «Пашам! Оразаның қарызын Алла сұрайды. Сіздің сұрайтыныңыз құлдың қарызы» деген екен. 


P/S Жанымызда жүрген кісінің құлшылығына араласып тергеумен айналыспайық. Өзімізге тиісті іспен айналысайық.

Бауыржан Алиұлының фб парақшасынан

 

0 пікір