Осы сөздерді бізге үйреткен, ал біз сіздерге үйретіп отырмыз...
Осы сөздерді бізге үйреткен, ал біз сіздерге үйретіп отырмыз...
12.07.2019 13:19
594
0

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Табук жорығынан қайтып келе жатып: «Кіші жиһадтан (яғни соғыстан) үлкен жиһадқа (яғни нәпсі соғысына) оралдық», - деген екен. Шын мәнінде, адамның өзін жеңуі - ең қиын іс. Құлшылық етуде жалқаулық танытқан мұсылман, еңбек етіп ел қатарлы болуға талпынбай, еріншектік еткен адам, жас кезінде мүмкіндігі бола тұра білім алмай, қартайғанда арба сүйреп, әрең күнелткен пенде... бұлардың барлығы кімге өкпелейді? Өмірдегі сәтсіздіктерін кімнен көреді? Олар қолында жағдайы болған шақта қарны тойғанға мәз болып, ертеңгі күнін ойламаған. Жастық шағында қайраты бар кезде құлшылық етпей, бойынан әлі құрып қарттық жеткен пенде ғибадат ете алмағаны үшін кімді жазғырады? Бұларды осындай бейшара халге душар еткен өздері. Кінәлі - өз нәпсілері.

Хасан Басри: «Жиһадтың ең абзалы - нәпсімен күресу», - деген екен. Өйткені нәпсі - ең қасгөй дұшпан.

Алла тағала «Исра» сүресінің 7-аятында: «Егер игілік істесеңдер, өздеріңүшін. Жамандық істесеңдер тағы өздеріңе...» дейді. Иә, адам баласы жақсылық істесе, оның жемісін өзі көреді. Ал, жамандық атауын істесе, зардабын да өзі тартады.

«Шамс» сүресінің 8-10-аяттарында: «Сонда оған (яғни нәпсіге) жамандықәрі тақуалыққабілетін бергенге серт. Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды да. Әлдекім оны кірлетсе, қор болды» дейді Жаратушы Иеміз.

Аталмыш аят тәпсірінде Ибн Әбу Нажих Мужаһид риуаяты бойынша: «Алла нәпсіге азғындық пен тақуалық жолын танытқан», - десе, Мужаһид Ибн Аббастан (Оған Алла разы болсын): «Алла нәпсіге құлшылық пен күнәні танытты», - деп тәпсірлеген.

Нәпсісін Аллаға ғибадат етумен және ізгі амалдармен тазартқан жан тозақтан құтылады. Ал, нәпсісін күнәмен кірлету адамды қорлыққа душар етеді.

Осы ұғымға мағыналас Әбу Һурайраның (Оған Алла разы болсын) Алла расулынан(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  риуаят еткен мына хадисі бар: «Алла елшісі «Сонда оған жамандық әрі тақуалық қабілетін бергенге серт» аятын оқып: «Алла! Нәпсіме тақуалық бер. Нәпсімді пәкте. Сен ең жақсы пәктеуші затсың. Сен жанымның Иесісің», - деп дұға жасады». Бұл хадисімен адамзат ұстазы (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  бізге нәпсімізді тәрбиелеуін сұрап, Алла тағалаға мінәжәт етуді үйретуде.

Имам Ахмед риуаятында Зайд бин Арқам: «Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Аллам! Мен Сенен әлсіздік, жалқаулық, кәрілік, қорқақтық, сараңдық атауынан және қабір азабынан сақтауыңды сұраймын. Алла! Нәпсіме тақуалық бер. Нәпсімді пәкте. Расында Сен ең жақсы пәктеуші затсың. Сен жанымның Иесісің. Аллам! мені тақуалығы жоқ жүректен, тойымсыз нәпсіден, пайдасыз ілімнен, қабыл болмайтын дұғадан сақтауыңды сұраймын», - деп дұға жасаушы еді», - дейді.

Хадисті жеткізуші Зайд сөзінің соңында Алла Елшісі ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  осы сөздерді бізге үйреткен, ал біз сіздерге үйретіп отырмыз», - деген. Демек, нәпсіні тәрбиелеу аса маңызды, басты міндетіміз.

 

0 пікір