ӨМІРДІҢ МӘНІ
ӨМІРДІҢ МӘНІ
12.01.2021 19:54
1539
0

Бәрі де «Мән» деген сөзден не түсінгіміз келгеніне байланысты. Мән өте терең субъективті дүние. Бірақ мән болмаса, адам және өркениет дамымай қалар еді.

Мән – адам әрекетінің барлық не басым көпшілігінің басты себебі. Адам өмірінің мазмұны. Мәннің текетіресі жаңа сапаға жеткізуі мүмкін, жеткізіп те жүр. Мәннің мағынасын объективті әрі жалпы адамзаттық деп түсінуге тырыссақ, онда жалпы бұл дүниенің еш мағынасы жоғын білуге болады. Оның жалпы мағынасы не жоспары – нақтылық мүмкін деген абстракцияға барып тіреледі. 

Мән – жаратылыс пен жаратудың бәрі тек жалпылап алғанда ғана түсінікті болуы ықтимал. Бірақ бұны жекелей адамдардың түсінуі қиын. Неге деген сұрақ орынсыз. Неге деген сұраққа қалай дегенді жалғап сұраса, мән туады.

Мәнді түсінудің екі жолы бар.

 Пәлсапа мен ғылым – бір жағынан, пәлсапа мен дін - екінші жағынан. Бірақ екеуі де ақиқаттың жарымын ғана көрсетеді. Бүтін ақиқатты емес. Мүмкін, бір нәрсені әр түрлі қырынан ғана көрсетер.

 Біріншісі, «неге?», «не үшін?» деген сияқты антропологиялық сұрақтарды қоймастан абстракцияға ұмтылады.

Екіншісі жаһанды адамның субъективті тәжірибесі және өркениеттің дәстүрі мен тәжірибесінің қабысуы негізінде зерттейді. Екіншісі ғаламды нақты әрі көрнекі ұстаным негізінде қарастырады, себеп пен салдар бір арнаға неғұрлым оңай жолмен біріктіріледі – Құдайдың мәні мен ниетіне тәуелді болады. Бірақ ол нақтылыққа, жалпының заңдылығына, абстрактілі дүниелерге мән бермейді. 

Егер бірінші бағыт дәлел талап етіп, әр нәрседен мән тапса, екіншісі, дәстүрге сүйенеді, баяғыда табылған мәнді еш өзгертпестен, сол күйінше сақтауға тырысады. 

Бірінші ұстанымда логика мен дәлел бар. Мән бар, оның қайталануы бар.

 Екінші ұстаным бойынша тұлға өзі үшін ғылымның жетістігінен бөлек, тек дінге және тұлғаға тәуелді мән тудырып отырады. 

Екі ұстаным бір келісімге келе алмайды, ол мүмкін де емес шығар. Сондықтан әр адам өз мәнін абсолют деп қабылдауға асықпауы керек. Мәселе мәнді қатты ұстануда емес, мәннің икемді, пайдалы болуына жол ашу. Мән икемді болған сайын оның мазмұны байи түседі. Айтып-айтпай не керек, мәннің алуан түрлілігі – қоғамның қозғаушы күші, әрі жұбанышы. 

Дзэн 
Аударған Шынар Әбілдә

 

0 пікір