Өмір сүрген әрбір күнің үшін Аллаға алғыс айт...
Өмір сүрген әрбір күнің үшін Аллаға алғыс айт...
13.03.2019 22:34
400
0

Бір спорттың түрінен әлем чемпионы аталған жігіт, қан құйдыру кезінде абайсызда ЖИТС (СПИД) ауруын жұқтырып алады. Уақыт өте оның жағдайы нашарлады. Көп өтпей өлім табалдырығында жатты.

Жігіттің көңілін сұрауға келген достарының бірі ашынып:

- Бұл қалай болғаны?! Әлемде неше түрлі адамдар бар ғой. Неге Алла осындай ауыр дертке дәл сені душар етті?! - деп айтты.

Сонда жігіт былай деп жауап берді:

- Мен чемпион болған спортқа жылына 50 миллион балалар қызығады.
Олардың тек 5 миллионы осы спортпен айналыса бастайды. Олардың тек 500 мыңы кәсіпқой спортшы болып шығады. Олардың ішінен 50 мыңы ғана жарыстарға баруға жолдама ала алады. Ал халықаралық деңгейде олардың 5 мыңы ғана қалады. Халықаралық турнирлерде 500 ғана спортшы жүлдеге ілінеді. Олардан 50 шақты спортшы әлем чемпионатына жолдама алады.  Ал сосын жартылай финалға 4 адам ғана шығады, финалда екі адам қалады. Ақыр соңында жалғыз спортшы әлем чемпионы болады.
Түсінесің бе, мен әлем чемпионы болған кезімде: "Неге Алла бүкіл әлемнен жеңімпаз етіп мені таңдады?!" деп ойламадым да. Қалайша мен қазір "Маған неге жазылмас дерт жібердің?" деп Аллаға ренжуім мүмкін?!

Өмір сүрген әрбір күнің үшін Аллаға алғыс айт...

 

 

0 пікір