Өмір қысқа әрі өткінші сынақ алаңы
Өмір қысқа әрі өткінші сынақ алаңы
26.06.2019 10:20
771
0

Өмір - құштарлығыңды оятып, жігеріңді тасытатын сөз. Биік мақсатқа бастаған жол. Өмір - өзеннің ағысындай қатты, қамшының сабындай қысқа тіршілік екі аяқты, жұмыр басты пендені мәңгілікке шақырып тұрғандай.

Өмір - дене мен жанның бірге өмір сүруіне қарай айтылғанымен, бір күні жан мен тәннің ажырасатын сәті келетінін ұмытпаған жөн.

Өмірдің шындығы:

Алла Тағала қасиетті Құранда:

الَّذِي خَلَقَ الْمَوْتَ وَالْحَيَاةَ لِيَبْلُوَكُمْ أَيُّكُمْ أَحْسَنُ عَمَلاً

«Өлім мен өмірді сендердіңқайсыбіріңнің ізгі, салиқалы амал жасайтындарыңды сынау үшін жараттым»1 - дейді.

 «Өмір өзенге ұқсайды ал адам сол өзеннің үстіндегі кемеге ұқсайды. Кемеге су кірсе кеме батады. Сол сияқты кемеге ұқсаған адамның жүрегіне де дүние, өмірге деген махаббат (мәңгі) кірсе дәл сол сияқты батады»2

Қасиетті Құранда: «Біз сендерді бостан-босқа жараттық деп ойлайсыңдар ма? Және бізге қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?»3 - деген аятта да өмірдің белгілі бір мақсатпен жаратылғандығын аңғартса, басқа аятта:

كُلُّ نَفْسٍ ذَائِقَةُ الْمَوْتِ وَنَبْلُوكُم بِالشَّرِّ وَالْخَيْرِ فِتْنَةً وَإِلَيْنَا تُرْجَعُونَ

«Әрбір жан иесі өлімнің дәмін татады. және біз сендерді жақсы-жаман күйге салып сынаймыз. Әрі түбінде бізге қайтарыласыңдар»4 - деп ең әуелі өмірдің өткінші екенін және сынақ алаңы екендігін ескертеді.

«Біз, жындар мен адамзатты тек маған ғана құлшылық ету үшін жараттық»5 - деген құран аятында да белгілі мақсат айтылып тұр. Және ол мақсаттың да мақсаты ақіретке дайындық екендігі бесенеден белгілі.

Демек өмірдің шындығы осы ғана. Бір ауыз сөзбен айтарлықтай қысқа әрі өткінші сынақ алаңы. 

 

0 пікір