Өмір мен өлім
Өмір мен өлім
27.07.2019 17:33
328
0

 Адамның өмірі екі бөліктен тұрады.

 біріншісі дүние өмірі,

 екіншісі ақырет өмірі.

 Құран Кәрімде «Алла адамдардыңқайсыларының жақсы істегендерін сынау үшін өмір мен өлімді жаратқан» (Мүлік сүресі, 67/2) деп өмір де өлім де Алла тарапынан жаратылғандығын баяндайды.

Дүние өмірі адамның дүниеге келуімен басталып, адам қашып құтыла алмайтын өліммен аяқталады. Алла Тағала «Әрбір тірі жан өлімді татады. Біраққиямет күні істегендеріңнің нәтижесі сендерге толықтай беріледі. Кім тозақтан алыстап жәннатқа кіргізілсе шындығында табысқа жеткені. Дүние өмірі, аллдамшы пайда ғана» (Әл-Имран сүресі,3/185) делінеді. Өлім болса, Алланың бекіткен өмірінің бітуі деген сөз. Әрбір жан иесі Алланың бұйрығымен өледі.

 Алладан басқа жаратылыстың барлығы өледі.

«Әр халқтың белгілі бір өлімі бар, олардың ажалы келген кезде бір сәт  кешіге де алмайды, алға жылжи да алмайды» (Ағраф сүресі, 7/34). Пайғамбарымыз (Оған Алланың игіліг мен сәлемі болсын) кейбір сызықтарды сызып былай дейді: «міне бұл сызық талпынған ісі. Мына сызық ажалы. Адам талпынған ісін күтіп жүргенде кенеттен ажалы келіп қалады» (Бұхари, Риқақ, 4,ҮІІ,171)

 

0 пікір