Намаз оқымайтын адамның ислам дінінен нәсібі бар ма?
Намаз оқымайтын адамның ислам дінінен нәсібі бар ма?
05.12.2017 14:00
410
0

Сұрақ: «Намаз оқымайтын адамның ислам дінінен нәсібі жоқ» сөзі намаз оқымайтын адамға кәпір дегенмен бірдей. Ал бұл әһли сүннет ақидасына қайшы емес па?

Жауап: Бұл сөз хадис шәриф. Әр түрлі хадис кітаптарында бар. Осы секілді намаз оқымаудың күпірлік екендігін білдіретін хадис шәрифтер де көп. Мысалға:

«Намазды әдейі тәрк еткен адам кәпір болады.» (Табарани)

«Намаз оқымайтын адамның діні жоқ.» (Ибн Наср)

«Намаз оқымайтын адамның мұсылмандығы жоқ.» (Бәззар)

«Бізбен кәпірдің арасындағы айырмашылық – намаз. Намазын тәрк еткен адам кәпір болады.» (Нәсаи)

«Иман – намаз деген сөз. Намазды ықыласпен, уақытына және басқа да шарттарына сай оқыған адамға мүмін деп айтады.» (Ибн Нәжжар)

Саадәти Әбәдийа кітабында «Намаз оқымайтын адамның ислам дінінен нәсібі жоқ» хадис шәрифі және басқа да хадис шәрифтер ашықталынып былай делінген:

«Ғибадаттар иманның бір бөлігі емес» екенін әһли сүннет ғұламалары бірауыздан білдірген. Бірақ тек намазда ғана мұндай ауызбірлік болмады. Фиқһ имамдарынан Имам Ахмед бин Ханбал, Исһақ бин Рахауәйһ, Абдуллаһ бин Мубарак, Ибраһим Нахаи, Хакам бин Утайба, Әийуб Сахтияни, Даууд Таи, Әбу Бәкір бин Шәйбә, Зубәйр бин Харб және басқа да көптеген ұлы ғұламалар «Намазын әдейі тәрк еткен адам кәпір болады.» деген. (Намаздың маңыздылығы бөлімі)

“Әл-фиқһу аләл мазаһибил-әрбаа” кітабында да былай делінеді:

Ханбалилер мен Абдуллаһ бин Мубарак, Исһақ бин Рахауәйһ және Шафиидің кейбір шәкірттері былай дейді:

Намазды үзірсіз (себепсіз), әдейі тәрк еткен адам кәпір болады. Бұл сөз хазреті Әлиден де нақыл етілген. Бұлар дәлел ретінде Тәубе сүресінің 5-ші аятын білдірген: «Егер де мүшриктер тәубе етсе, намаздарын толық орындаса және зекеттерін берсе оларды бос қойыңдар!». Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл аяти кариманы былай ашықтаған:

«Мушриктер “Лә илаһә иллаллаһ” дегенге дейін, намаз оқығанға және зекет бергенге дейін олармен соғысуға әмір етілдім.» (Бұхари)

Қалған үш мазһаб өкілдері: «Намаз оқудың, зекет берудің парыз екеніне сенбесе, бұларды орындамағаны үшін ренжімесе (өкінбесе), күнәға батқанын білмесе кәпір болады.» деген. Яғни Ханафи, Малики және Шафииде намаз оқымаған адам кәпір болмайды. Тек қана мән бермесе кәпір болады.

0 пікір