НАМАЗ ОҚЫҒАН АДАМНЫҢ!...
НАМАЗ ОҚЫҒАН АДАМНЫҢ!...
07.06.2018 11:59
4197
0

НАМАЗ ОҚИТЫН АДАМНЫҢ ЖҮЗІНДЕ ӨЗГЕЛЕРГЕ БАЙҚАЛАТЫН НҰР БОЛАДЫ!

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Тазалық – діннің жартысы, «Әл-хамду ли-Лләһи» деген сөз таразыны толтырады, «Субхәнә-Лләһи уәл-хамду ли-Лләһи» деген сөз көк пен жердің арасын толтырады, намаз – нұр, садақа – дәлел, сабыр – жарқырау, ал Құран – сен үшін жақтаушы не қаралаушы дәлел”, - деген. (хадисті Муслим жеткізген)

Және тағы бірде Әбу Һурайра (р.а) атты саxаба Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде, менің үмметім Қиямет күні есеп беруге шақырылады. Ал олардың жүздері, қолдары және аяқтарында дәреттің ізі қалып, жарқырап тұрады», - дегенін жеткізе келіп, "Осы нұрды көбейтуге кімнің шамасы келсе солай жасасын», - деген. (Бұхари, Муслим)

Сонымен бірге Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мүміннің Жәннаттағы әшекейі (нұры) оның дәрет алғандағы су жеткен жеріне дейін болады», - деген. (Муслим)

 НАМАЗЫНА БЕРІК БОЛҒАН АДАМДЫ АЛЛА ТАҒАЛА КЕДЕЙЛІКТЕН ҚҰТҚАРАДЫ!

Құранда мынадай аят бар:

«Үй-ішіңді намазға бұйыр және өзің де оны  сабырлылықпен орында. Біз сенен ризық тілемейміз. Өйткені, Біз Өзіміз сені ризықтандырамыз. Соңғы табыс – тақуалықта» («Та Һа» сүресі, 132-аят). Ғалымдар осы аятқа байланысты «Егер қайсыбір еркек өзінің қарамағындағы әйел, бала-шағасының, отбасы мүшелерінің намазына алаңдаушылық білдірсе, үнемі орындауын қадағалап, естеріне салып жүрсе, намаз туралы насихат айтып тұрса, онда Алла Тағала ол еркектің ризық-несібесін молайтып қояды», - деген екен.

Ал Алла Тағала құдси хадисте: «Ей, адам баласы! Маған құлшылық етуге уақыт бөл. Мен сенің жүрегіңді байлыққа толтырып, сені кедейліктен сақтаймын. Ал егер мұны жасамасаң, жұмысыңды көбейтемін де, сені кедейліктен құтқармаймын», - дейді. (Тирмизи)

Демек, адамға нәпақа мен ризық-несібені беретін Алла ғана. Ақша мен байлықты Өзі қалай берсе, тура солай алып та қоя алады.

Ендеше, құлшылығы көркемнің тіршілігі де берекелі болатынын ұмытпаған ләзім...

0 пікір