Н Ұ Р Л Ы БЕЛГІ
Н Ұ Р Л Ы   БЕЛГІ
16.10.2020 10:03
369
0

Профессор Роберт Кензи дәреті бар мұсылмандардан нұр таралуын анықтады.

Швециялық 63 жастағы профессор, ғалым Роберт Кензи термал камерасының көмегімен дәреті бар мұсылмандардың денесінен таралған жылылық пен нұрларды сүретке алып, ғажап бір жаңалыққа қол жеткізу мақсатында тәжірибе өткізеді.

Тәжірибе барысында дәреті бар мұсылмандарды орап тұрған нұрлы сызықтарды көргеннен кейін, мұсылмандар жер жүзінде өмір сүретін ең таза әрі ұқыпты адамдар екендігі анықталды.

Сол нұрлы сызықтар 7 қабат болып, біріншісі қызыл нұрлы сызық. Қызыл нұрлы сызық адамды орап тұрса, адамды қауіпсіз сезімі әрі рахатпен қамтиді екен.

Профессор Роберт Кензи сол зерттеуінде Европадан 50 мың адамды термал камерадан өткізеді. 50 мың адамдағы нұр мен жылылықты өлшейді. Негізі бұл термал камера адамдағы ауруды анықтау мақсатында ойлап табылған болатын. Бірақ тәжірибе нәтижесі профессорды қатты ойлануға мәжбүрледі.

Зерттеу жүргізу барысында 50 мың адамның ешқайсысында сол нұрлы сызықтар тегіс әрі бірдей көрінбейді. Роберт Кензи термал камераның дұрыс істеп жатқанына күмәндана бастайды. Бірақ, камераға түскен Нигериялык бір науқас саудагерді тексерген соң, ол бұл райынан қайтады. Нигериялық саудагердің нұрлы сызықтары тегіс әрі бірдей таралады. Роберт Кензи бірден бұл жағдайды анықтау мақсатында Нигериялык бизнесменмен әңгімелеседі. Профессор таңырқап тұрған кезде нигериялык саудагер профессор Робертқа ешқашан дәретсіз жүрмейтіндігін және «Дәрет мүминнің қалқаны» деп айтылған, дейді. Содан кейін Роберт Кензи бұл жағдайды жеке өзі тексеру үшін білгенінше дәрет алады. Нәтиже 100% емес еді. Сол кез ол, басқа бір мұсылманнан дұрыс дәрет алу ережесін үйреніп 100% нәтижеге қол жеткізеді, яғни Роберттің барлық нұрлы сызықтары бір тегіс әрі бірдей болады.

Ол тағы 37 адамға зерттеу жүргізеді, әрбір зерттеуден кейін нұрлы сызықтары бір тегіс әрі бірдей шығады. 37 адамның ешбірі мұсылман емес еді.

Осы зерттеулерден соң, Роберт Кензи Ислам дінін қабылдайды. 67 жасында Құран Кәрімді жаттап қари болады. Ойлап тапқан аспабын «Иман өлшейтін құрылғы» деп атайды.

Сол зерттеуден кейін барлық науқастарды тыныштандыру үшін дәрінің орнына дәретті диагноз қағазына жазып беретін болды.

Әбу Һурайра радияллаһу анһуден жеткен хадисте:

«Алла елшісі(с.ғ.у)

«Шындығында, Қиямет күні менің үмбетім шақырылғанда олардың маңдайында, қолдарында және аяқтарында дәрет алғаннан қалған нұрлы із болады. Осы белгіге кім ие болғысы келсе, дәрет алсын» -деді»

 

 

Жұма Наушек фб парақасынан

0 пікір