МҰСЫЛМАН АДАМНЫҢ 3 ҚУАНЫШЫ
МҰСЫЛМАН АДАМНЫҢ 3 ҚУАНЫШЫ
23.12.2020 19:40
1259
0

1.Мұсылман болған күн.

Алланың парыз еткен амалдарын орындап, иман ләззатын сезген күн. Алла ол жайында: «Әнфал» сүресінің 24-аятында:

«Әй, мүминдер! Сендерді өздеріңе тіршілік сыйлайтын нәрсеге (дінге) шақырған кезде, Алланыңәрі елшісінің тілін алыңдар», – деген.

2. Күнәлардан тазарған күн.

 Пенде күнәларынан тазарып тәубе етіп, Раббысына қайта шын ықыласпен бет бұрған күн. Ол туралы «Ясин» сүресінің 25-аятында: «Раббымның мені кешіргенін және құрметтегенін Әттеңқауымым білгенде ғой», – деп, Алланың кешірімін алып, жаннатқа кірген бақытты сәтін айтуда. Өйткені тәубе жасаған құлына Хақ Тағала ерекше қуанып, оны анасынан жаңа туғандай күнәсіз етеді.

3. Раббысымен қауышқан күн.

 Өмірінің соңғы кездеріндегі істеген амалдары ізгі болып, қабыл етілген амалдарымен Раббысына жолығар күн. Ол туралы хадисте: «Кім Алла Тағаламен қауышатын күнді жақсы көрсе, Алла онымен қауышуды жақсы көреді», – деген.

 

0 пікір