МҮҢКӘР МЕН НӘКІР ДЕГЕН КІМДЕР?
МҮҢКӘР МЕН НӘКІР ДЕГЕН КІМДЕР?
25.05.2020 11:40
1565
0

Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Сендерден біреулеріңқабірге жерленген кезде оған екі қара-көк періште келеді. Біреуі Мүңкәр, келесісі Нәкір деп аталады. Бұл екеуі оған:

«Мына Мұхаммед деген адам жөнінде не деуші едің?» – деп сұраққояды. Әлгі адам (тірі кезінде) не айтса соны қайталайды. Егер мүмін болса:

«Ол – Алланыңқұлы және елшісі, Әшһәду әллә иләһә иллә Аллаһу, уәәшһәду әннә Мұхаммәдән абдуһу уә расулуһ», – дейді. Екі періште:

 «Біз сенің осылай айтқаныңды білетінбіз», – дейді. Сөйтіп оныңқабірін жетпіс білек көлемінде кеңейтіп, жап-жарық етеді, сосын оған:

 «ұйықта!» – дейді. Сонда ол:

 «Туысқандарыма, байлығыма қайтайын, оларға осы халім туралы хабарлайын», – дейді. Оған екі періште:

 «Жаңадан отау тігушілерді ешкім оятуға батылы бармайтын, тек жақсы көретін туысы ғана оятатындай жағдайда ұйықта!» – дейді. Алла Тағала сол орнынан қайта тірілткенге дейін ол осындай рахат ұйқыда жатады.

Ал мұнафық болса:

 «Білмеймін, адамдардың бірдеңе дейтінін естіп, мен де соны айтатынмын», – дейді. Сонда екі періште:

 «Сенің солай айтатыныңды білетінбіз», – дейді. Сосын жерге:

«Оған жақында», – деген әмір беріледі, жер жақындап оны қабырғалары айқасқанша қысады, сөйтіп Алла сол орнынан тірілтіп тұрғызғанға дейін азап шеге береді», – деді», – деген(1).

Омар ибн әл-Хаттаб (Алла оған разы болсын) Пайғамбардан (Алланыңоған салауаты мен сәлемі болсын)«Уа, Алланың елшісі! Муңкәр мен Нәкір дегеніміз кімдер?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбар(Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):

 «Қабірдегі екі сынақшы, жердің астын тістерімен, шаштарымен сүзіп шығады. Дауыстары қатты шатырлаған күннің күркірегеніндей, көздері жалт етіп атылған найзағайдай, өздерімен бірге жер бетіндегі адамдар жиналып көтере алмайтын темір шоқпарды ала келеді», – деді(2).

Әнәс (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын)«Пенде қабіріне қойылса және одан жолдастары бұрылса  (жерлеп артқа қайтса), ол олардың (жолдастарының) қайтып бара жатқандағы аяқтарының дыбысын есітеді. Сосын оған екі періште келеді. Оны отырғызып, одан: «Мына Мұхаммед деген кісі жайлы не айтатын едің?» – дейді. Мүмін болса: «Мен оның Алланыңқұлы және елшісі екендігіне куәлік беремін», – деп айтады», – деген(3).

Сондай-ақ Бара ибн Азибтан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) мүмін пенденің қабірдегі жағдайы жайлы:

 «Оған екі періште келіп, оны отырғызады да: «Раббың кім?» – дейді. Ол:

 «Раббым – Алла», – дейді. Екі (періште):

 «Дінің не?» – дейді. Ол:

«Дінім – Ислам», – дейді. Екі (періште):

 «Сендерге жіберілген кісі кім?» – дейді. Ол:

 «Ол – Алланың елшісі», – дейді. Екі (періште):

«Ілімің не?» – дейді. Ол:

«Алланың кітабын оқып, оған иман келтірдім және сендім», – дейді. Сол кезде көктен бір жаршы жар сала: «Пендемнің рас айтқаны үшін оған (қабіріне) жаннаттан (төсеніш) төсеңдер, оны жаннаттан киіндіріңдер және оған жаннатқа қарай есік ашыңдар!» – дейді. Және де оған (жаннаттың) лебі мен хош иісі келіп тұрады. (Сонымен қатар) оған қабірі көзі жеткен жерге дейін кеңейтіледі», – деген.

 

1 Әт-Тирмизи, Ибн Хиббан.

2 Әбу Дауд, әл-Бәйһақи.

 3 Әл-Бұхари, Муслим.

 

 

 

0 пікір