МІНДЕТІМІЗ – АЛЛАҒА ҚҰЛШЫЛЫҚ ҚЫЛУ
МІНДЕТІМІЗ – АЛЛАҒА ҚҰЛШЫЛЫҚ ҚЫЛУ
06.10.2021 11:23
716
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Бір ине мен жіп болса да (иесіне) қайтарыңдар және қиянаттан сақтаныңдар. Өйткені қиянат қияметте  ұят (нәрсе)». («Мүснәд Ахмед ибн Ханбал»)

 Аббаси халифасы Харун Рашид дәуірінде өмір сүрген әулие кісі Бәһлул Дана (м. 805, х. 190) барлығына сабақ боларлық халық арасына көп тараған хикметті сөздер бар. Сәри Сақати (рах.) айтты: «Бір күні мазаратқа барған едім. Сол жерде Беһлул Дананы (рах.) көрдім. Отырып топырақпен әуре болып жатыр еді. «Сен бұл жерде не істеп отырсың» дедім. «Маған еш қиындық тудырмайтын, қастарынан кеткенімде артымнан сөз қылмайтын жамағаттың қасында отырмын» деп жауап берді. «Уа, Бәһлул! Нан қатты қымбаттады. Сен бұл отырысың не?» деп сұрағанымда ол былай деді: «Аллаға ант етейін! Бір үзім нанның құны бір алтынға қымбаттаса да мән бермеймін. Біздің міндетіміз бұйрыққа сай Аллаға құлшылық қылу. Раббымыз да уәде еткендей біздің ризығымызды береді». Сосын орнынан кетіп бара жатып былай деді:

«Әй, дүниені және дүниелік ләззатты қалаушы,

Бұл ләззаттардың кесірінен ұйқың қашқан адам!

Сен өміріңді қол жеткізе алмайтын нәрсе үшін таусыпсың.

Барғаныңда (Қауышқаныңда) Раббыңа не дейсің?». 

 

 

0 пікір