МЕШІТКЕ СӘЛЕМ НАМАЗЫ
МЕШІТКЕ СӘЛЕМ НАМАЗЫ
23.06.2021 12:30
12630
0

 Оқылатын уақыты: Мешітке кіруші кісі кірген бойда отырмастан бұрын мешіт Иесіне сәлем ретінде екі рәкағат намаз оқу керек. Мұны қазақша мешіт ақысы деп те атайды.

 Рәкағат саны: екі рәкағат. Оған мына хадис дәлел. Расулалла (с.а.с.) былай деген: «Сендердің біреулерің мешітке кірсе отырмастан бұрын екі рәкағат намаз оқысын» (Барлық хадисшілер риуаят еткен хадис).

Әбу Ханифа мазһабы бойынша намаз оқу мәкруһ уақыттар мен жамағат парыз намазын бастап кеткен кезден басқа уақыттарда оқылады. Сәлем намазын бір мешітте бір күнде бір рет оқыса жеткілікті. Бұл намазды оқу отырып қойған кісінің мойнынан түспейді.

Ибн Хиббан мынадай хадис риуаят еткен. Расулалла (с.а.с.) Әбу Зарға (р.а.):

«Уа, Әбу Зар! Мешітке берілетін сәлем бар. Ол сәлем екі рәкағат намаз. Тұр да оқы», — деген.

Сәлем намазы оқылмайтын бір ғана мешіт бар. Ол — Меккедегі Қасиетті Харам мешіті. Ол мешіттің сәлемі — ондағы Қағбаны тауап ету.

Кімде-кім бір мешітке кіріп, бір жағдайлармен мешіт ақысын оқи алмаса «Субханаллаһ, уәлхамдулилләһ, уа лә ИЛӘҺӘ иллаллаһ, уаллаһу әкбар» деген дұғаны айтуы керек.

 

0 пікір