Мен ешкімге жақсылық жасамадым
Мен ешкімге жақсылық жасамадым
20.06.2019 13:59
1065
0

Хазіреті Әли (р.а.) бірде өзінің қасында отырған кісілерге: «Мен ешкімге бірде-бір жақсылық пен жамандық жасамадым», - деді. Ондағы отырған кісілер кәдімгідей ыңғайсызданып қалды бұл сөзден кейін. «Бұ қалай, о не дегеніңіз? Жамандық жасамағаныңыз дұрыс қой. Бірақ, ешкімге жақсылық жасамадыңыз ба? Мына отырған біздер сіздің көп жақсылығыңызды көрдік», - десті хазіреті Әлиге қарап аң-таң болғандарын білдірісіп.

Сонда хазіреті Әли (р.а.) оларға: «Мен әрбір жасаған жақсылығымды өзіме жасадым», - деді де мына аятты оқи бастады: «Әлде кім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін. Ал кім жамандық істесе, о да өзіне. Сосын Раббыларыңа қайтарыласыңдар» («Жәсия» сүресі, 15-аят).

Түйін. Шынында жақсылық жасасақ та, жамандық жасасақ та өзіміз үшін. Кейде пендешілігімізге салынып түймедей жасаған жақсылығымызды түйедей көріп, оны міндетсініп жататынымыз тағы бар. Ал, жақсылығымызды тез ұмыту мұсылманға тән сипат екен. Бастысы жасаған амалымыз жақсы не жаман болсын Алладан қайтарын ұмытпасақ болғаны.

 

0 пікір