МАС АРАНЫҢ ЖАЗАСЫ
МАС АРАНЫҢ ЖАЗАСЫ
24.05.2019 07:12
330
0

Мысыр елінің ғалым­дары өткен жылы жақсы жаңалық ашты. Бұның ашылуына қасиетті кітап Құранның «Нақыл» сү­ресінің 68-ші аятында ай­­тылғандай «Араның қарындарынан түрлі-түсті сұйықтық шығады. Онда адамдар үшін ши­па бар...» деген илаһи үкім себеп болды депті мысырлық оқымысты Әл-Азхар университетінің профессоры Ато ас-Сын­бати. Жоғарыдағы аят жайлы «Тафсир Муяссар» атты кітапта «Араның қарындарынан шығатын түрлі-түсті сұйықтық де­геніміз – бал. Ол адамдар үшін дертке – шипа, тәнге – саулық» деп тәп­сірлеген екен.

Сонымен бал арасы­ның омартасын үзбей 30 жыл бақылап, аралардың жүріс-тұрыс, қимыл-қоз­ғалысын зерттеген ға­лымдар мынаны анық­таған: омартадан ұшып шығып, бал жинауға ат­танған жұмысшы ара кейбір жағдайда уақыты өткендіктен шырыны ашы­­ған өсімдікке кез­десіп қалады да, нәрлі бөлігі быжығандықтан пайда болатын этанол (ethanol) сияқты ма­сай­татын есірт­кі затына тұмсығын батыра­ды. Сөй­тіп өзі мас болып қа­ла­ды. Онымен қоймай ма­сайтқыш затты омар­таға алып келеді. Себебі масайған ара ға­лымдар анықтағандай, 48 са­ғатқа дейін толық айық­пайды екен.

Бір қызығы, зиянды зат әкелген араны күзетші аралар жабыла қуалап омартаға жолатпайды. Бір жағынан ана мас не­ме де қақпаны бұзып кір­мек­ке ентелейтін кө­рі­­не­ді. Мұндай сәтте ар­­найы дыбыстық дабыл қа­ғылып, барлық күзет­шілер мас араға жа­бы­лып, оны аямай соқ­қыға жығады. Соққы ал­ған араның омартада еш­қан­дай беделі болмайды.­ Ызыл­дап жалғыз өзі ұшып жүреді.

Егер де әлгі ара мас­тығынан толық айықса, омартаға кіруіне рұқсат беріледі және оның бо­йында улы заттың әсері бар ма, жоқ па тексеріледі. Бұл жағдай тағы қайта­ланса, күзетшілер оның аяқтарын сындырып тас­тайды екен. «Мас ара әкел­ген есірткі омар­та­да­ғы балды бұзып, оның улануына әкелетіндіктен, осылай қатаң жазалануда, яғни жоғарыда Құранда айтылған «адамдар үшін шипа бар» деген аят үкімі мүлтіксіз орындалуда» деген тұжырым жасапты мысырлық ғалымдар.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

0 пікір