МАРҚҰМНЫҢ АТЫНАН ҚҰРБАН ШАЛУҒА БОЛА МА?
МАРҚҰМНЫҢ АТЫНАН ҚҰРБАН ШАЛУҒА БОЛА МА?
12.07.2021 11:18
914
0

 Кез келген адамның дүниеден озған туысына немесе қадір тұтқан кісілеріне сауабын бағыштау ниетімен құрбандық мал шалуына болады. Бірақ мойнына құрбандық шалу уәжіп болған кісі ең әуелі өз атынан құрбандық шалуға тиіс. Осыған дәлел ретінде Әбу Дәуд өзінің “Сунән” атты еңбегінде

 “Қайтыс болған кісінің атынан құрбандық шалу” деген бөлімінде мына хадисті келтіреді:

 “Әзіреті Әли (р.а.) біреуін өзі үшін, екіншісін Пайғамбарымызға атап екі құрбандық шалатын. Мұның себебін сұрағандарға ол: “Алланың Елшісі кеудемде жаным бар кезде Өзі үшін құрбандық ша-луымды өсиет етіп кетті”, – деп жауап берген екен”.

Бұл жерде мына мәселеге де басты мән беру керек; егер қайтыс болған кісі өз аты¬нан арнайы құрбан шалуды өсиет етіп ай-тып кеткен болса, бұл құрбандық осы айт күндері шалынуы тиіс. Құрбандық шалған адам оның етін жей алмайды. Оның етін толығымен таратуы керек. Егер қайтыс болған кісі арнайы өсиет етпей, бірақ сөйте тұра оның артынан қалған дүние-мүліктен алынып құрбан шалынса да оның үкімі де әлгіндей болады. Ал марқұм өсиет етпеген, бірақ сіз ізгі ниетпен өз қаражатыңызға мал сатып алсаңыз оны Құрбан айт күні, немесе басқа кез келген уақытта шалуға болады. Мұндай құрбандықтың етін жоқ-жітікке таратуға да, өз отбасыңызға да қалдыруға болады.


0 пікір