МАРҚҰМДЫ СҮЮГЕ БОЛА МА?
МАРҚҰМДЫ СҮЮГЕ БОЛА МА?
12.07.2021 11:15
850
0

 Иә, марқұмның бетінен және маңдайынан сүюге болады. 

Бұған негіз: «Қайтыс болған Осман бин Мазғұнды сүйді және Пайғамбар (с.ғ.с.) жылап тұрған еді» және «Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарды (с.ғ.с.) қайтыс болған соң (маңдайынан) сүйді» деген хадистер. Бұл екі хадисті де Айша (р.а.) анамыз риуаят еткен.

Осы мағыналас хадистерге сүйене отырып, имам Нәуаи: «Марқұмның бетінен етжақын туыстары мен жора-жолдастарының сүюіне рұқсат етіледі», – деген.    Әбу Дәуіт.  Бұхари.

 

0 пікір