МАРКЕС ҚАРАПАЙЫМ МҰСЫЛМАН БОЛУДЫ АРМАНДАҒАН...
МАРКЕС ҚАРАПАЙЫМ МҰСЫЛМАН БОЛУДЫ АРМАНДАҒАН...
04.11.2020 11:22
790
0

(Әлемге әйгілі жазушының мына хатын оқи отырып, ол кісі өмірінің соңында қарапайым ғана мұсылман болуды армандағанына көз жеткізгендей болдым).

“Егер Құдай Тағала менің шүберек қуыршақ қана екенімді бір секундқа болсын ұмытып, маған аз ғана ғұмыр берсе, бәлкім мен, ойымдағының бәрін айтпай, не айтып тұрғаным жайлы ойланар едім». 

Заттарды құнына қарай бағаламай, маңызына қарай бағалар едім. 
Аз ұйықтап, көбірек армандар едім, көзім жұмулы қалған әрбір минут – бұл алпыс секунд жарық сәулесін жоғалту екенін сезінер едім.

Біреулер жүруден тартынғанда, жүрер едім, басқалар ұйықтап жатқанда, оянар едім, басқалар сөйлеп жатқанда, тыңдар едім. 
Шоколод балмұздақтың дәмін рахаттана татар едім!

Егер Құдай Тағала маған аздаған ғұмыр берсе, қарапайым ғана киінер едім, тәнімді ғана емес, жанымды жалаңаштай, күннің алғашқы шапағымен ұйқыдан тұрар едім. 

Құдайым-ай, менің аз ғана уақытым болса ғой, өшпенділігімді мұз ішіне құрсаулап, күннің көрінуін күтер едім. Ван Гог сияқты жұлдыз жамылып, сурет салар едім, Бенедеттидің өлеңдерін оқып, арманға берілер ем, Серраның әні менің ай астындағы серенадама айналар еді... Тікенектерінің қолымды ауыртқанын және алқызыл күлтесінің өбкенін сезіну үшін, Раушан гүлін көз жасыммен жуар едім.

Құдайым-ай, менің аз ғана өмірім болса етті… Сүйікті адамдарыма оларды сүйетінімді айту үшін бірде-бір күнді бос жібермес едім. Мен әрбір әйел мен ер азаматты оларды сүйетіндігіме сендірер едім, махаббат әлемінде махабатпен ғұмыр кешер ем.

«Қартайған кісі сүюді доғарады» дейтін адамдарға бұның қате екенін дәлелдер едім: өйткені, олар «сүюді доғарғандықтан кәртейеді»!

Балаға қанат беріп, оны ұшуға баулитын едім.

Қарияларға «өлім кәріліктен емес, ұмытылудан туатынын» үйретер едім.

Мен де Сіздерден көп нәрсе үйрендім, адамдар.

Шынайы бақыт еңісте күтіп тұрғанын сезбей, әркім шыңның басында өмір сүргісі келетінін білдім.

Жаңа туған нәресте әкесінің саусағын кішкентай жұдырымен қысқан сәтте, ол оның қолынан мәңгілікке ұстайтынын түсіндім.  Адам баласы басқа бір адамға аяғына тұруға көмектесу үшін ғана, оған жоғарыдан төмен қарауға құқығы бар екенін түсіндім.

Сіздерден сонша көп нәрсе үйрендім, алайда, шынымды айтсам, бұның бәрінен елге пайда аз, сандығымды толтырып алып, аттанып барамын.”

 

Орысшадан аударған: А.Оралхан

 

 

0 пікір