Лә иләһә иллаллаһ
Лә иләһә иллаллаһ
02.07.2018 13:23
516
0

Бір күні Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір жігіт келіп былай деген екен: 

- Йа, Расулалла! Менің жаттау қабілетім нашар. Сізден әркім әр түрлі өсиет сұрайды. Сіз осылай жаса, былай жүр деп насихатыңызды айтып жатасыз. Олар бәрін жаттап алады. Маған да өсиет айтыңызшы, бірақ қысқа болсын. Жаттауға оңай болып, ұмытпасам екен, - дейді. 

Сонда Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қысқа ғана өсиет айтады. Ол қандай өсиет десеңізші: 

- Лә иләһә иллаллаһ - деп айт та, сол айтқаныңда берік, нық тұра біл, – деп өсиет етеді. 

Мына бес күндік өмірдің де, Исламның да мәні осы. 
«Лә иләһә иллаллаһ» - деп айтып сол айтқаныңда тұра білу. Қисаймай, жүкті көтере алмай, жолда ыңқылдап құлап қалмай, сол сөзді иығыңда арқалап жүру.

Алла Ұлық!

 

0 пікір