Күнә жасадым, кері қайтуға мүмкіндігім жоқ деу дұрыс па?
Күнә жасадым, кері қайтуға мүмкіндігім жоқ деу дұрыс па?
06.10.2019 12:28
1063
0

«Айт: «Ей, өздеріне қарсы шектен шыққан құлдарым! Алланың рахымынан  үміттеріңді үзбеңдер. Шүбәсіз Алла, барлық күнәларыңды кешіреді. Өйткені ол, өте кешірімді, өте рахымды». үмәр сүресі, 53-аят)

Жундуб ибн Абдуллаһ (Оған Алланың сәлемі болсын) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Бірде біреу: Уаллаһи! Алла Тағала пәленше деген адамды кешірмейді - деп ант-су ішкен еді. Сонда құдіреті күштіҰлы Алла оған: Менің пәленше деген құлымды кешірмейтінімді айтып, Менің атыммен ант ішкен кім? Мен пәленшенің күнәларын кештім. Ал сенің амалдарыңды түкке тұрғысыз қылдым - деп айтты» - деген. (Муслим риуаят еткен)

Бұл аят пен хадис Алланың рахымы мен кешірімінің үмітсіздікке жол ашпайтындай деңгейде кең екендігін айқын көрсеткен.

Құранды тұтас алып қарайтын болсақ Алланың рахымынан үміт үзу қате әрекет болса, бұған керісінше «Алла қалайда кешіреді» деген оймен күнәларға жеңіл қарау да дұрыс жол емес.

 Аятың айтқысы келген жағдай, адам табиғаты күнә жасауға бейімділігі, сол кезде құлдың «Күнә жасадым, кері қайтуға мүмкіндігім жоқ» деп ойлауы дұрыс емес екендігі, тәуба есігінің қашан да ашық болатындығы, құл хақысынан басқа күнәлардың Алла тарапынан кешірілуі ықтимал екендігін айтқан. Өйткені кейінгі аятта Алланың кешіріміне лайық болу ең алдымен оған бет бұрып мойынсұну керектігін білдіреді.

 

0 пікір