КҮНӘ ІСТЕУ АРҚЫЛЫ ҒИБАДАТ ЖАСАУҒА БОЛМАЙДЫ
КҮНӘ ІСТЕУ АРҚЫЛЫ ҒИБАДАТ ЖАСАУҒА БОЛМАЙДЫ
26.10.2020 09:06
212
0

Өзін күнәдан тоқтата алмаған адам жаман үлгі болмау үшін күнәсін жасыру керек. Ораза ұстамаған адам Рамазанда күндіз тамағын жасырын жеуі керек. Ашықтан ашық жеуі бөлек күнә болады.

Бір хадис шәрифте: «Аздаған бір күнәдан сақтану бүкіл жын мен адамдардың (нәпіл) ғибадаттарының жиынтығынан да жақсырақ» делінеді. Әр күнә Алла Тағалаға қарсы шығу болғандықтан, үлкен болып саналады. Алайда кейбірлері басқаларына қарағанда кішірек болып көрінеді. Бір кішкентай күнәні істемеу бүкіл әлемнің нәпіл ғибадаттарынан сауаптырақ, өйткені нәпіл ғибадат жасау парыз емес. Ал күнәлардан сақтану – парыз. (Рияд-ун-насихин).

Демек, күнә істеу арқылы ғибадат жасауға болмайды. Олай болса, бір парызды орындағанда харам істеу мәжбүрлігі туындаса, харам істемеу үшін парыз кейінге қалдырылады. Бір сүннетті орындағанда да мәкрух істеу қажет болса, мәкрухтан сақтану үшін сүннет тәрк етіледі.

Алла Тағаланың тыйым салғандарынан сақтанбау күнә болғанындай, бұйрықтарына мән бермеу де күнә. Харам істемеу парызды орындаудан бұрын тұрса да, парыздарды орындамаудың күнәсі харам істеу күнәсынан да көп. Мысалы намаз оқымау ішкілік ішуден де үлкен күнә.

Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Күнәні жек көретін және ғибадаттан ләззат алатын адам – шынайы мұсылман» (Табарани). «Күнәлардан қатты қорқатын адам Аллаға ең көп ғибадат еткендерден болады» (Ибн Мажа).

 

 

0 пікір