КҮНӘ ІСТЕГЕН АДАМНЫҢ АҚЫЛЫ АЗАЯДЫ, ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛАДЫ
КҮНӘ ІСТЕГЕН АДАМНЫҢ АҚЫЛЫ АЗАЯДЫ, ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛАДЫ
26.10.2020 09:02
468
0

Күнә істеуді жалғастырған адам ұмытшақ болады, ақымақ болады, ақылы азаяды. Хадис шәрифте: «Күнә істеген адамның бір ақылы кетеді, кері қайтпайды» делінген. (И.Ғазали). Олай болса, күнә істеуден қатты сақтану керек.

Күнә істеудің дүниелік істерге де зияны тиеді. Бірақ іс нәтижесімен өлшенеді. Хадис шәрифте: «Дүние – ахиреттің егістігі» делінді. Дүниеде егін екпесек, ахиретте қандай өнім аламыз?

Күнә істеген адамның ақылы азаяды, есте сақтау қабілеті бұзылады. Ондай адам дүние істерін де атқара алмайды. Ахиретіне де зияны көп болады. Хадис шәрифте«Күнә істеген адамның кері қайтпайтындай ақылы азаяды» делінді. Ибн Мәсуд хазреттері: «Күнә істеген адам білетіндерінің кейбірін ұмытып кетеді» деді. Хадис шәрифте де былай делінеді: «Күнә істеген адам ризықтан мақрұм қалады» (Ибн Мажа).

Фудайл бин Ияд хазреттері «Достарыңның саған берген қиыншылықтары – күнәларыңның нәтижесі» деген. Хадис шәрифте де былай делінеді: «Сендер шағымданған нәрселер – амалдарыңның бұзылғандығынан» (Бәйһақи).

Бір кісі де «Тышқандардың үйімді қаптап кетуін күнәмнің жазасы деп білемін» деді. Бір хадис шәрифте: «Жақсы амалдарды нәпсініңқалауларына айырбастаған адам ғибадаттың ләззатын сезе алмайды» делінген.

 

 

0 пікір