КӨРКЕМ МІНЕЗ БЕН ДІН БІР-БІРІМЕН ЕТЕНЕ ЖАҚЫН
КӨРКЕМ МІНЕЗ БЕН ДІН БІР-БІРІМЕН ЕТЕНЕ ЖАҚЫН
20.06.2022 16:16
248
0

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَا شَيْءٌ أَثْقَلَ فِي مِيزَانِ الْمُؤْمِنِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مِنْ خُلُقٍ حَسَنٍ وَإِنَّ اللهَ لَيُبْغِضُ الْفَاحِشَ الْبَذِيءَ. (ت)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Қиямет күні мүминнің мизанында көркем мінезден ауыр түсетін ештеңе жоқ. Сөз жоқ, Aлла Tағала жаман іс істеп, жаман сөз айтатын ешкімді жақсы көрмейді”.  (Сүнән Tирмизи)

Көркем мінездің негізі – Ислам діні. Жақсы мінез атаулының халық арасына тарауына себеп болатын дініміздің үкімдері. Ислам дінінде мінез-құлық қағидалары дін бұйрықтарымен байланысты, көркем мінез бен дін бір-бірімен етене жақын. 

Айтумен орындалатын амал ‘лә илаһә иллаллаһ’ деу иманның кемелдігінің маңызды бір белгісі болғаны секілді, адамдар өтетін жолда кедергі келтіретін бір нәрсені, мәселен, әлдебір тасты алып, жол шетіне тастау да иман кемелдігінің бір белгісі. 

Мұсылман баласы намазды, oразаны, зекетті, қажылықты діни міндет ретінде біліп атқарса, денсаулығын қорғап, отбасын адал жолмен асырауды, жұртқа жылы жүз танытуды да жекелеген діни міндет деп санауға тиіс. Адам өлтіру, ішімдік ішу, құмар ойнау, зина, жала және басқаның дүиесіне қол сұғу қандай күнә болса әрі харам болса; ғайбат айту, орынсыз сөйлеу, денсаулыққа зиянды бір нәрсе жеп-ішу, әдеп пен тәрбиеге жат хал мен әрекет те күнә.

Ислам діні адамға тек Aлла Tағаланың алдындағы жауапты міндеттерін ғана үйретіп қоймайды, материалдық және рухани өмірдің (дініміз бен дүниеміздің) әрбір қыры мен сырын үйретеді. Намаз бен оразаны әмір еткеніндей, адамдарға әрдайым әділ болуды, ақысы болғанның ақысын беруді; орындауды және осы тектес жайларды да атап көрсеткен. Бұл қағидаларды орындау да діни міндеттің маңызды негізі саналады. 

Дінімізде отбасы мүшелерінің, көршілердің, жора-жолдастың бір-бірінің алдындағы ақысы мен міндеті жан-жақты түсіндірілген және барша мұсылманның арасында шынайы бауырлықтың негізін қалаған.

Mұсылмандар діни бұйрықтарды бұлжытпай орындаған кезеңде адамзат әлеміне өте үлкен қызмет атқарған. Діни және ахлақи қағидаларға мән беруге қайта көңіл бөлер болса, оларға оң көзбен қарап, содан қайта мықтап ұстаса, адамзатқа әлі де көп қызмет ете алады.  

0 пікір