“Кім сұлу?”
“Кім сұлу?”
09.07.2019 10:20
268
0

 Күндердің бір күнінде Байлық пен Кедейлік “Кім сұлу?” деп сөз таластырыпты. Алайда бір ымыраға келе алмаған соң, жаяулатып келе жатқан ер азаматқа: 

-Cіздің сұрағымызға сен жауап бере алатын сияқтысың. Айтшы, екеуміздің қайсымыз әдеміміз, сұлумыз? – деп сұрапты. 

“Қап, қалай жауап берсем екен?” – деп жаяу жүргіншінің басы қатады: “Кедейлікті сұлу десем, Байлық ренжіп, менен кетіп қалар. Байлық сұлу десем, Кедейлік маған ызланып, бас сала төнуі мүмкін. Қайтсем екен?” 
Ары ойланып, бері ойланып: “Бірден бұл сауалға жауап беру қиын екен. Сендер ары-бері жүріп көріңдер, мен қарап көрейін”, – дейді. 

Байлық пен Кедейлік ары да өтеді, бері де өтеді. Бар сұлулығын көрсетуге тырысып бағады. 

- Иә? Қайсымыз сұлу екенбіз ә? – дейді екеуі жарыса. 
Ер адам жымиып: 

- Сен, Кедейлік, кетіп бара жатқанда, яғни артыңнан қарағанда сондай сұлу әрі тартымды көрінесің. Ал, сен, Байлық, керісінше жүзіңмен бері қарап, адамға қарай жүргенде сұлулана түсесің, – деген екен.

 

0 пікір