ЖҮРЕГІМІЗ ДЕМ АЛСЫН!..
ЖҮРЕГІМІЗ ДЕМ АЛСЫН!..
06.06.2020 12:06
454
0

Бір күні адамның дене мүшелері бір-бірінен қай кезде демалатындары туралы сұрастыра бастайды.

Көз өзінің әдемі нәрсені көріп, қуанған кезінде, ұйықтағанда демалатынын айтады.

Бас та, құлақ пен аяқ, қол да ұйықтаған кезде тынышталып, рахаттанатынын айтады.

 Асқазан тек тамақты қорытып болған кезде ғана демалуға уақыт табатынын айтады. Әрқайсысы өз ойларын ортаға салады. Тек жүрек қана үндемейді. 

Барлығы таңданып:

- Сен күні-түні тоқтаусыз жұмыс істейсің. Айтшы, сонда қай уақытта демаласың? - деп сұрайды.

 Сонда жүрек:

- Мен жан жібітер жылы сөздерді естігенде, Құран тыңдағанда және Алланы еске алғанда ғана демаламын, - деген екен...

Бір-бірімізден жақсы сөздерді аямайық,  жүрегіміз дем алсын!..

 

 

0 пікір