ЖҰМАНЫҢ ӘДЕПТЕРІ
ЖҰМАНЫҢ  ӘДЕПТЕРІ
26.10.2019 19:47
371
0

Жұма күні – Алла Тағаланың құзырында ұлық күн.Сол жұма күніне байланыс Алла Тағала «Жұма сүресі» деп аталатын сүре түсірді. Ол сүреде жұма намазына байланысты үкімдер айтылған.

Расулулла (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Алланың құзырында күндердің патшасы – жұма күні. Ол тіпті ораза айт пен құрбан айттан да ұлылырақ. Оның 5 ерекшелігі бар: Ол күні Адам ата жаратылды,ол күні Адам ата Жұмақтан Жерге түсті, ол күні Адам ата қайтыс болды, ол күні Алла дұғаны қайтармайтын сағат бар, ол күні Қиямет күні болады. Қиямет күні ешбір билік, аспан, жер, жел, тау, тас болмайды. Ол Жұма күнінің алдында қорқынышты сезінеді»,- деп айтты (Бұхари, Шафиғи, Ахмад).

Алла осы күнді мұсылмандар үшін ерекше күн етті және оны апта сайынғы мейрам етті.Одан кейін жұма күнінде жұма намазын парыз етті, жұма құтпасын уәжіп етті, мұсылмандарға бейқамдықтан арылу арқылы жұма намазына асығуды бұйырды.Сол секілді Алла сол күнгі дүнияуи істерден және Жұма намазына азан айтылған кезде намазға кедергі болатын барлық нәрседен тыйды.

Егер мұсылман адам жұмаға аман-есен жетсе, онда жұма сол адамның апта бойы жасаған нәрселеріне кәффарат болады. Расулулла (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Егер пенде үлкен күнә жасап қоймаса, бес уақыт намаз арасындағы, екі жұма намазы арасындағы және екі рамазан арасындағы күнәлар кәффарат болады»,- деп айтты (Мүслім).

 

Жұманың парыз болғандығы

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) ол Алла Елшісінің(Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын)оларға бұл жерде яһудилер мен христиандар туралы айтылған кітап бізден бұрын берілгенмен,Қиямет күні біз уақыт тәртібінде соңғылар, яғни мұсылмандар уақыт тәртібінде жер бетіне жіберілгенең соңғы үмбет болсақта, озықтармыз мұсылмандар Қиямет күні бірінші болып жиналады,бірінші болып есеп береді,бірінші болып сираттан өтеді және бірінші болып жәннәтқа кіреді. Сосын бұл олардың Аллаһ парыз еткен күндері яғни Аллаһқа құлшылық жасап ,оны еске алу күндері, бірақ олар бұған қатысты пікір қайшылығына түсіп,Аллаһ оған бізге тура жол нұсқады бұл туралы Құранда анық нұсқау бар (Жұма, 9).Ал адамдар оған қатысты бізге ілесіп, яһудилер келесі күнді,христиандар арғы күнді(құрмет тұтады )»,-деп айтып жатқанын естіген.

 

Жұма күнінің әдептері

  1. Жұма күніне бейсенбіден бастап дайындалу, яғни бейсенбі кешінен бастап киім жуу, әтірлерді дайындап қою, жүректі дүнияуи істерден босату, тәубе ету, истиғфар тілеу;
  2. Жұма күні таң намазы мен азан айтылатын уақыт аралығында ғұсыл құйыну;
  3. Шаш алу, тырнақ алу, тіс тазалау, әтір себу, жақсы киім кию;
  4. Мешітке Алла Тағаланың разылығына,кешіріміне үміт еткен күйде әрі мешітке кірген алғы сапқа жақындап тыныштық сақтап отыру;
  5. Мешітке әдеп сақтап кіру;
  6. Құтпаны үнсіз тыңдау;
  7. Құтпа айтылып жатқанда қолмен, кілеммен, тәспімен ойнамау;
  8. Құтпа айтылып жатқанда ит отырысымен отырмау;
  9. Жұма намазына дейін төрт ракағат сүннет намазын оқу, сосын жұма намазынан кейін 2 ракағат сүннет намазын оқу;
  10. Жұма күні Пайғамбарымызға жиі-жиі салауат айтып отыру;
  11. Ілім мәжілістеріне түсте немесе екінтіден кейін бару;
  12. Жұма күні Құранды, әсіресе Кәһф сүресін жиі-жиі оқып отыру;
  13. Алла Тағаланы жиі-жиі зікір етіп отыру;
  14. Еш күмәнсіз дұға қабыл болатын берекелі уақытты күту;
  15. Шама жетсе, жұма күні сапарға шықпау, ол мәкруһ болады;
  16. Жұмаға дейін және жұмадан кейін ораза ұстамай, тек жұма күні ғана ораза ұстау мәкруһ болады.

 

Жұмаға байланысты хадистер

Әбу Сағид әл-Худриден (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Жұма күні жуыну әрбір балиғатқа толғанға уәжіп екені айтылды.

Пайғамбарымыз (Алланың игілігімен сәлемі болсын) айтты:«Кімде-кім ғұсыл алынып,ерте мешітке барып,имамға жақындап, оған құлақ асып тыңдаса, екі жұма арасындағы(оған үш күн қосылады) күнәсі кешіріледі».

«Ей,мүміндер! Жұма күні намазға азан шақырылған кезде Алланы еске алуға Жұма намазын оқуға,Жұма құтбасын тыңдауға асығыңдар.Сауда саттықты қоя тұрыңдар.Біле білсеңдер сендеоге осы қайырлы» (Жұма. 11).

Намаз оқылып болған соң,жан-жаққа тарап,Алланың рақымына кәсіптерің бойынша несібе іздеңдер.Мақсатқа жетулерің үшін Алланы жиі-жиі еске алыңдар.

Ей,Мұхаммед! Олар сауданы немесе ойын-тамашаны көрсе,сені тұрған қалпында құтпа оқыған бетіңде тастап,бет-бетімен кетеді.Сен оларға айтып қой Алланың құзырындағы құлшылық ырду-дырду мен саудадан артық.Алла-ризық берушілердің ең абзалы.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ғазез Ақытұлы, Мақаш Ақытұлы. «Қасиетті Құран және қазақ тіліндегі мағыналық аудармасы» – Астана. 2018 жыл;
  2. Мұхаммед Қайыр Фатима. «Әл-Әдәб әл-исламия лин-нәшиә» – Алматы. «SIYAUSH» баспасы. 2015 жыл.

 

Дайындаған: Сағымбаев Еламан,

Әбу Бәкір Сыддық медресесінің IIIкурс шәкірті

0 пікір