Жан қалар, ақыл айтар
Жан қалар, ақыл айтар
06.12.2017 15:25
322
0

Ақыл-есі болған әрбір кісінің, Алланың барлығы әрі бірлігіне сенуі керек. Оған сену, адам баласының болмысының қажеттілігінен бастау алады.
Айналамызға қараған сәтте, ешбір нәрсенің өз-өзінен бола қалғанын ойлай да алмаймыз. Әсем бір өнер туындысы, жасаушы бір өнерпаздың болуын білдіреді. Мысалы;  қолымыздағы сағатты жасаушы өнерпаз, отырған зәулім үйлерді салған бір құрылысшы бар емес пе? Әрине бары даусыз. Бұлардың өздігінен бола қалғанын ақыл қабыл ала ма? Жоқ қабылдамайды.

Олай болса; өте нәзік бір жүйе бойынша жаратылған және таңғажайып бір тәртіп ішінде қызмет атқарған ұшы қиыры жоқ әлемді және ең керемет шеберлік туындысы болған адам баласын да бір жаратушы бары рас. Міне бұл жаратушы, күш пен құдірет иесі Алла Тағала. Космос, Алланың барлығын; ондағы болған үйлесім мен ғажайып тәртіп болса Алланың бірлігін білдіреді. 

Адам баласы түпсіз тұңғиық әлемге қарап Алланың бар және бір екенін түсіне алады. Өйткені аспан мен жер, ай мен күн, есепсіз жұлдыздар аяқ астынан пайда бола қалған жоқ.  Олардың бір жаратушысы бар. Ол әрине Ұлы Алла. 

Усулуд-дин, ғилмул-кәлам ғалымдары нақли (аят, хадис) дәлелдерді қабылдамайтын, оларға сенбейтін топтарға өздері дәлел деп танитын құралдары бойынша Алланың барлығы әрі бірлігін түсіндіріп дәлелдеуге қолданған тәсілдерінде кейбір сөз әрі сөз тіркестері қалыптасып сіңіскен.

Қысқасы,  Алланың бар болуы уәжіб және керек (дарури) ті болып саналады.  Олар мыналар: 

-Уажибул-ужуд,

-Мүмкинул-ужуд және

-Мумтаниғул-ужуд.

Жеке-жеке талдар болсақ:

а) Уажибул-ужудБар болуы керек, болмауы мүмкін емес болған барлық. Бұл да тек қана Алла Тағала дүр.

ә) Мүмкинул-ужуд: Барлығы мүмкін болған, яғни бар болсада болмаса да болатын жаратылыстар. Алладан басқаның барлығы осы топқа жатады.

б) Мумтаниғул-ужуд: Болуы жайлы ойлауды қойып қиялдаудың өзі тыйым салынатын жағдайлар. Алланың теңдесі әрі ұқсасы болуы мүмкін емес болып табылады. (Ал біреу солай ойлады қиялдады деп ол сипат онда бола қалмайды).

Сондықтан мұсылмандар «Субханаллаһ» деу арқылы, Аллаға мекен, дене, келу, кету әрі балалы дегендердің ешбірі негізсіз екенін қабылдап, басқа сенімдердің күлін көкке ұшырған.

Берікбай Германоғлы МОЛҚЫҚАЙЫП

0 пікір