Жайнамаз үстіндегі керемет дүниеге ештеңе жетпейді!..
Жайнамаз үстіндегі керемет дүниеге ештеңе жетпейді!..
14.02.2018 15:20
1271
0

Намаз - пендені Жаратушы Алла Тағаламен байланыстыратын жол.

 Ол - көзге көрінбейтін бейне тәріздес, таң қаларлық құбылыстағы Жаратқанның рухы.

 Оған ілесіп, Алламен жүздесу – ғибадаттың шыңына көтерілу. Яғни, сенімнен кейінгі жасаған құлшылығымыздың басында намаз тұруы тиіс.

Алла Тағала жәрдем сұраушыға да намазбен тілеуді бұйырған.

Дөңгеленген дүниенің күйбең тірлігі адамдардың күнделікті азығы болса, сол азықты қорытатын - намаз.

Намаз:

-сенімді нығайтатын,

 -көңілді жұбататын,

- Алланың құдіретіне көз жеткіздіретін,

-өмірді нұрлы,

-жалғанды шынайы,

- ақ пен қараны ажыратып,

-күнәні еске сала егілте жылататын,

-шайтанды езіп,

-рухты ұлықтататын зор жиһад.

 Санаулы ғұмырдың шегін білуші Алла пендесінің өмірін жайнамазбен ғана шектейді, яғни осынша жас өткерсе де, дүние толардай байлық жинап, оның қуанышты қызығымен өткізсе де, ерекше бақытқа бөлейтін жайнамаз үстіндегі керемет дүниеге ештеңе жетпейді.

Аллаға бет бұрған жан – иманын оятқан пенде. Ал иман жүректі даярлап, тілді жаттықтыра намаздың құдіретіне енгіздіреді.

 Алланың жолы – ақ жол. Оны ластауға, кірлетуге ешкімнің құқысы жоқ. Сондықтан, жүрек тазалығынан басталатын жол - тазалықтағы дәретпен ұласқан жол.

0 пікір