Ислам бойынша кәсіпкер болу нені білдіреді?
Ислам бойынша кәсіпкер болу нені білдіреді?
12.10.2018 10:36
253
0

«…Алла өз ұйғаруымен жаннатқа шақырады. Сондай-ақ адамдар үгіт алсын деп, аяттарын баян етеді» (2:221).

«Исламдағы кәсіпкерлік» деген тақырып сөз бола қалса, бірден исламдағы өсімқорлық тілге тиек бола кетеді, мысалы үшін, халал бизнесті қалай құру керек, бизнес саласында адамдармен қалай қарым-қатынас жасау және сауда-саттықты қалай жүргізу керектігі туралы шариғат не айтады, ислам банкингін қалай дамыту жолдары және оған кедергі келтіретін жайттар. Осындай мәселелерді шешумен жүріп, біз басқа маңызды нәрсені есімізден шығарып аламыз. Ол – ислам бойынша кәсіпкер болу қажет. Бұл дегеніміз не?

Дін – кәсіпкер үшін негізгі платформа болып табылады. Бұл нені меңзейді?! Біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына бір сөзін естеріңізге алыңыздаршы: «Жұмақтан ең жақсы орын алуға ұмтылыңдар».

Діннен мол білім алуға, Алланың разылығына бөленуге ұмтылу керек, тек Тозақ отынан құтылып немесе тек Жұмаққа кірсем болды деп жүре беруге болмайды.  Неліктен біз бизнесте алдымызға ірі мақсаттарды қоямыз да, ал дінге келгенде олай жасауды ұмыта береміз? Егер кәсіпкерлер сияқты пайымдайтын табысты бизнес иелеріне көңіл аударсаңыз бір қызық жайтты байқайсыз – олар мансапқұмарлықтарын іске асырады әрі исламда да жоғары идеялар қоя біледі. Осының түп тамырында біз бен сіздің ойлауымыз жатыр, оны жақсы игіліктерге қол жеткізуге бағыттап отыруға тиіспіз.

Дінге қатысты мақсаттарыңызды тек анықтап жазып қоймай, сонымен қатар, алдыңызға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін нақты амалдар жасап отыруыңыз керек әрі амалдардың көлемін біртіндеп ұлғайтып, жиілеп жасауға тырысу қажет. Біздің басты мақсатымыз – Алланың разылығын алу емес пе? Ал Ислам — ақиқат, оның негізінде біздің тіршілігіміз жатыр. Алла алдындағы адамның құндылығы оның кім екендігін жете түсінгендігі және қай жолды ұстануымен анықталады. Өйткені өмірді де, оның мақсат-мұратын да Алла Тағала береді. Мүмін адамның өзіне «Мен кіммін?», «Мен не үшін жаратылдым?», «Мен нені қалаймын?», «Менің мақсаттарым қандай?», «Мен неге ұмтыламын?» деген сияқты сұрақтарды қоя бастауы маңызды. Мұндай пендесіне Алла Тағала сезім, ұмтылу арқылы қоршаған ортаны, өзін жете түсінуге көмектеседі және ішкі жан-дүниесін байытудың бағыт-бағдарын көрсетеді, рухани тәлімгер нәсіп етіп, оның алдынан көптеген жолдарды ашады.

Ислам әрқашан әр адамның жеке дамуын көтермелеп отырады, тек бір нәрсені естен шығармау қажет, мұның бәрі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) асыл дінін ұстанғанда ғана мүмкін болады. Мұсылманның Алла Тағаламен қарым-қатынасының кемеліне жеткендігін оның бұл дүниедегі және ақиреттегі жеке дамуы анықтайды.

Мұсылманның қаржы әрі мансаптық табыстары олардың басты мақсаттарына қол жеткізуге септігін ғана тигізеді, алайда олардың орнын баса алмайды. Біз үшін ақиретте Алла Тағаланың алдына қандай күйде баратынымыз ғана маңызды болып табылатынын естен шығармауымыз қажет.

Сол үшін игі мақсаттарға ұмтылып, лайықты түрде өмір сүруге тиіспіз. Шынайы түрде құлшылық жасап, Аллаға қызмет етіп, Оған жүрегімізді сыйлау арқылы ғана біз өз өмірімізді, жұмысымызды игілендіре аламыз. Алла Тағаланы бар жан-тәнімізбен сүю арқылы ғана біз Оның даналығын, мейірімін және құдіретін көре аламыз.

Біреулер Алла Тағалаға еңбектері арқылы құлшылық етеді, алған білімдерін қоғам өмірін жақсартып, руханиятын арттыруға жұмсайды. Бұл жерде дәрігерлер, педагогтер, ғалымдар, құрлысшылар айтылып отыр. Жаратушы Жалғыз Алла үшін Алланы үнемі есінен шығармайтын, өзгелерді де Алланы еске алуға шақыратын адамнан құнды әрі қадірлі пенде жоқ.

Егер әркім Алла Тағала үшін бұл баянсыз өмірде тақуа өмір сүріп, өзгелердің пайдасы үшін игі амалдар жасайтын болса, біз өмір сүріп отырған қоғам кемеліне жетер еді. Әділеттілік орнаған қоғамда халық аштықтың не екенін білмейтін болады, әркімнің өз баспанасы болып, бәрі бір-біріне көмектесетін болады.

Алланың разылығы – барлық өзге құнды нығметтердің қасындағы ең құндысы. Бұл нығметке тақуа өмір салтын ұстану арқылы қол жеткізуге болады. Сондай-ақ, ата-ананың разылығын алу арқылы Алланың разылығына да қол жеткізуге болады.

Алла Тағала «Исра» сүресінде не айтқанын есімізге түсірейікші: «Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәхаметіңе бөлей көр!”,-де. Раббыларың іштеріңдегі нәрселерді жақсы біледі. Егер игілерден болсаңдар, негізінде Алла, бойсұнушыларды жарылқайды» (17:24-25).

Келіншектер үшін ерінің разылығын алу – Жаратушының разылығын алудың бір тәсілі болып табылады. Ол үшін намаз оқу, Рамазан айында ораза ұстау, шариғат қағидаларын сақтау және әйел ретінде өз міндеттерін орындау жеткілікті. Алайда мұның бәрі - Алланың разылығына қол жеткізудің ең аз жиыны ғана, бірақ Жұмақтың бірнеше деңгейі бар екенін естен шығармау керек. Неге біз алдымызға Жұмақта Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.)  бірге болу туралы мақсат қоймаймыз?! Бірақ бұл үшін бес уақыт намаз оқудан, киім талаптарын сақтаудан және ораза ұстаудан артық нәрсе жасау керек болады. Ол үшін сүннетті толықтай ұстану, күнделікті Алладан Оның кешірім беруін, Өзінің мейіріміне бөлеуін сұрау, жақсы амалдар жасап, ислам дінінің сұлулығын паш ету әрі өз мінез-құлқын жетілдіру керек.

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Алла (Т.): “Бүгін шыншылдардың шындықтары пайда беретін бір күн. Оларға астарынан өзендер ағатын жұмақтар бар. Олар онда мәңгі қалады да, Алла олардан разы болады әрі олар да Алладан разы болады. Бұл ірі қол жеткендік!» (5:119).

 

asyldin.kz

 

0 пікір