ИСААК НЬЮТОННЫҢ АДАМНЫҢ ҚАЙТА ТІРІЛУІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖАУАБЫ
ИСААК НЬЮТОННЫҢ АДАМНЫҢ  ҚАЙТА ТІРІЛУІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖАУАБЫ
16.05.2020 16:12
1035
0

Күндердің күнінде ағылшын физика, математика және астрономия ғалымы Исаак Ньютоннан шәкірттері сұрапты:

— Адам өлгеннен кейін мың дана топыраққа айналып кететіні белгілі. Енді осыны кім қайта қалпына келтіріп жинай алады? Сіз осыған сенесіз бе? Исаак Ньютон сәл кідіріп,  темірдің өте майда қалдықтарын алып оны топырақпен араластырып:

— Кім осының арасында майда темірді бөліп ала алады?, деді. Шәкірттері үнсіз отырып қалды. Сонда Ньютон қолына магнитті алып әлгі топыраққа жақындатады. Арасынан темір қалдықтары бөлініп шығып, магнитке жабыса кетеді. Сол сәтте Ньютон шәкірттеріне қарап:

— Мына темірге осындай тартылыс күшін берген Жаратушы қалайша құдірет иесі бола алмайды? Қиямет қайым болғанда Құдай барлық адамның денесін жердің топырағынан бөліп қайта тірілтеді. Бұл бізге мүмкін емес болып көрінеді. Себебі, біз табиғатымыздан ойлау дәрежеміз шектеулі. Сондықтан, Құдай барлық нәрсеге құдіретті екенін ұмытпауымыз керек,-деп жауап берді.

 Жалғас АСХАТҰЛЫ

 

 

0 пікір