Иман әлсіздігінің 25 белгісі
Иман әлсіздігінің 25 белгісі
10.09.2018 15:31
747
0

Мүміннің бұл дүниедегі басты мақсаттарының бірі – кәміл иманға қол жеткізу. Иман – сенім, ақиқатты ұғыну, Алла Тағаланы танып-білу. Бұл Алладан қорқу, Оған деген сүйіспеншілік, Оған берілгендік және Оған деген мұқтаждық. Әрбір әрекет Оның қалауымен жасалатынын және жасалып жатқан дүниелердің бәрі Алла Тағала қалай қаласа солай болатындығын білу. Осы ақиқаттардан алыстау Алла Тағаладан алыстауға және иманның әлсіреуіне әкеліп соғады.

Иман Алла Тағаланың бұйырғандарына бойұсыну арқылы және Оның алдындағы қорқыныш пен ниеттің адалдығымен нығая түседі. Біз жасаған әрбір амалымызды Алла Тағала тарапына бағыттау арқылы өз иманымызды күшейте түсеміз. Алла Тағаланың бұйырғандарына сүлесоқ қарау Одан алыстауға және жүректегі иманның әлсіреуіне әкеліп соғады. Сенімі әлсіз адамдардың иманы нақты бір жағдайларға байланысты, жолдарында бір қиыншылықтар кездеспейінше олар Алланың бұйырғандарына сенімді болып, исламды ұстанып жүрген болып көрінеді. Әлсіз иман – жүректің жаман кеселі, мұндай жүректің иесі екі дүниеде де бақытсыздыққа ұшырайды. Иманның әлсіреуінің белгілері көптеп кездеседі. Төменде иман әлсіреуінің және Алла Тағаладан алыстаудың бірнеше белгілерін келтірдік:

  1. Күнә жасау және өзін кінәлы сезінбеу;
  2. Құран оқығысы келмеу;
  3. Жүректің қатал да қатты болып қалғанын сезіну;
  4. Жақсы амал жасауға еріну;
  5. Сүннетті елемеу;
  6. Лайықты түрде құлшылық жасамау;
  7. Намазды қадірлемеу;
  8. Көңіл-күйдің кенеттен өзгеруі, маңызы аз дүниелерге алаңдау;
  9. Құран аяттарын немқұрайлы тыңдау;
  10. Алланы еске алу – зікірді елемеу;
  11. Пендешілікке салыну;
  12. Ашкөздік пен сараңдық, өз мал-мүлкін ешкіммен бөліскісі келмеу;
  13. Өзгелердің жақсы амалдар жасауын талап етіп, бірақ өздері жасамау;
  14. Өзгелердің сәтсіздігіне қуану, оларға қызғану;
  15. Өз өміріне наразылық таныту;
  16. Мәкрүһтен бойын алып қашпау;
  17. Адамдарға жоғарыдан қарау;
  18. Мұқтаж, жарлы адамдарға көмектескісі келмеу;
  19. Ислам туралы айтып, дінге үндегісі келмеу;
  20. Сабырлықтың болмауы;
  21. Өзін-өзі ұстай алмау;
  22. Материалды дүниеге қатысты қам жеу;
  23. Тек өзіне ғана көңіл бөлу;
  24. Туыстық қарым-қатынасты үзу;
  25. Дау, таласқа шамадан тыс берілу.

 

asyldin.kz

 

0 пікір