ИХСАН-РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
ИХСАН-РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
22.06.2021 13:12
1991
0

Дін компоненттерінің негізделгендерінің бірі ислам, иман және ихсан ілімі болып табылады.Алғашқы екеуі көпшілігімізге жақсы таныс болса, үшіншісі, әдетте имани көпшілікте кең танылмай елеусіз, назар аударылмай қалуда.

Ихсан (араб тілінен алынған. «Мінсіз жақсылық», «шынайылық») - бұл толық шынайылық пен берік сеніммен сипатталатын құлшылық түрі.

Асылында иман еткен адам Алла Тағала барша адамдардың әр ісін, сөзін, ниетін біліп көруші екеніне толық сене бои ұсынуында. Бұған дәлелі Алла Елшісі: «Иман дегеніміз – АллағаОның періштелеріне, ... Сен Оны көрмесең де Ол сені көріп тұрады» дегені.

Адамдардың Жоғарғы нәрсені көре алмайтыны анық.Сонымен бірге, ихсанға ұмтылған имани адам әрекеті Жаратушы өзі көреді деген мызғымас сенімділікпен орындайды.Мұндай мұсылман Иеміздің жазалауы мен қаһарынан қорқады, күнәкарлардан аулақ болады және керісінше, кішіпейілдік таныта және Жаббар иеміздің мейірімділігіне тырысып, разылығын табу жолында жақсылыққа ұмтылады.

Өздеріңіз білетіндей, Жаратушы адамның іс-әрекетін ғана емес, оның ішкі сыры мен тілегін де көреді.Мүмін барлық жақсылықты шын жүректен және тек Алланың разылығы үшін жасауы керек. Ал адам баласы адамдар алдындақұлшылық жасау барысында, мақтау марапатты болғысы келениеті Алланың разылығынан басқа нәрселерден («адамдар көрсін, естісін» деген ойдан, және адамдардың алғысын үміт етуден) тазаланбасаадам тек басқалардың алдында құрметке жетуді көздеген болса, Ихсанға қарама-қайшылығы екіжүзділік (нифак) және басқаға жағу мақсатындағы  (рия) болып табылады.

Ихсанның маңыздылығы адамдардың қиямет күніндегі барлық әрекеттері олардың ниеттеріне қарай бағаланатындығымен түсіндіріледі. Демек, өмірді нақты іс-әрекеттен гөрі бағалауда ниет басым болады. Бұның расталуын Бухари мен Муслим келтірген хадистен таба аламыз: «Жақсылық жасауды ұйғарып, бірақ жоспарын орындай алмайтын адамға, Хақ Тағала бүкіл бір жақсылықтың орындалғанын жазады». Басқаша айтқанда, сауап адам үшін ізгі іс туралы шешім қабылдаған сәтте жазыла бастайды. Ақыр соңында, жоспарды орындау әрдайым мүмкін емес, ал армандар ұзақ уақыт бойы солай болып қала береді. Алланың құлы жақсы ниетке ие бола отырып, өзіне сауап табады.

Осылайша, шынайы ниеттер ихсанның элементтерінің бірі болып саналады.Егер оларға жақсылық істерін  бекіттсе, онда әлемнің Раббысының қалауымен сауап көбейеді. Себеі Алла Тағала әр бір Алла разылығында істеген жақсылығы еселенетіне «Қасас» сүресінің 84-аятында:

مَنْ جَاءَ بِالْحَسَنَةِ فَلَهُ خَيْرٌ مِنْهَا وَمَنْ جَاءَ بِالسَّيِّئَةِ فَلَا يُجْزَى الَّذِينَ عَمِلُوا السَّيِّئَاتِ إِلَّا مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ

«Кімбіржақсылықістесе, оғанодан да артықжақсылық бар», - деп Алла Тағалажақсылыққажұмсалғанәрнәрсеніңорнынбасқажақсынәрсементолтыратындығынжәнежомарттықтанытқанкісігеқарымынқайтарыпқанақоймайоғантағыістегенжақсылығынарттырыпберетіндігінайтыпуәдеетуде.

Ихсан діннің негізінің бірі бола отырып, басқа негіздері - ислам мен иман арасындағы дәнекер болып саналады. Ислам, ең алдымен, діннің құрылымы. Бұл оның ислам тіректерін орындаудан тұрады - шахада, намаз оқу, ораза, қажылық, зекет беру (мұның өзі қазірдің өзінде жақсы орындалуы жақсы әрекет, сауапты іс болмақ). Иман - адамның жан дүниесінде және жүрегінде болатын сенімін сипаттайтын ішкі жағы. Ихсан бұл негіздерді шынайылық пен сенімділікпен байланыстырады, оған еру иманды адамның әрекеттерін, жалғандықпен жағымпаздақты қызықтырмай, іс-әрекеті мен құлшылықты Пайғамбар өнегесін тұтса ғана шын жүрекпен Аллаға жақын болу мақсатын туындатады.

«كَانَ لَكُمْ فِي رَسُولِ اللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ»

«Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар».(33:21)

Алла Елшісі (с.ғ.с.) өзінің мысалында біздің діндегі барлық міндеттеріміз бен құқықтарымызды көрсетуі Алланын әмірін орындай біздерге ақпен қараны ажырата, ақиқат жолында бізердің қуанатынымзды сүйіншілегені Ахзаб сүресінің 45-47 Аяттарында:

يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ إِنَّا أَرْسَلْنَاكَ شَاهِدًا وَمُبَشِّرًا وَنَذِيرًا  وَدَاعِيًا إِلَى اللَّهِ بِإِذْنِهِ وَسِرَاجًا مُّنِيرًا 

وَبَشِّرِ الْمُؤْمِنِينَ بِأَنَّ لَهُم مِّنَ اللَّهِ فَضْلًا كَبِيرًا

« Әй Пайғамбар! Сөз жоқ, сен бір куә әрі қуантушы, ескертуші етіп жібердік. Алла жаққа, Оның нұсқауымен шақырушы бір нұрлы шырақ түрінде жібердік.(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерді рас оларға Алладан, ірі игілік барлығын сүйіншіле».

Өмірінде рухани білімі болмаған адамның ешқашан құлшылығының ләззаттылығын жетілуімен қоса оныүнемі Алла қадағалауында екенін сезіміздік болмас.Көзі тірісінде мұндай күйге жетпеген адамдар өлім әлемімен қоштасар сәтте үлкен өкінішке ие болады.Демек, рухани жетілу соңғы деммен бірге бақыт қақпасы арқылы мәңгілік әлемге енуге мүмкіндік береді.Бұл Ихсан жолында жасалған ғибадаттың ең жақсы сауап, құлшылығы  болмақ.

Адамның соңғы демі мүлдем тегіс, мөлдір, бұлтсыз айнаға ұқсайды, мұнда әрқайсымыз бүкіл өмірімізді жақсы және жаман істермен көретін боламыз.Осы сәтте біздің көруіміз бен естуіміз абайсыздықтың пердесін жаппайды, жүрегіміз кеш өкінуге толы болады.Сондықтан, біздің соңғы тынысымыз өмірімізді ащы өкінішпен көретін айнадай болмасын!Ақыр соңында, өздерін өлімге дейін танып-білгендер шынымен бақытты.

Мұсылман Алладан құтқаруды іздеп, өзінің күнадан құтылуымен кешіруін сұрауы керек.Себебі адам баласының ешқайсысы күнделікті істерде және сенім мәселелерінде қателіктерге бои алдырмаудан сақтанбаған.Демек, мұсылман өзіне берілген өмірді ең лайықты түрде билік етуге міндетті.Алла Тағала жердегі өткінші күндерді ғибадат етуге және тақуалық істер жасауға, күш жігерін ізгі амалдарға жұмсауға шақырады.

 

Дулат ҚАБИДЕНҰЛЫ

 Екібастұз қалалық мешіт бас имамы

0 пікір