Ібіліс және оның көретін азаптары туралы
Ібіліс және оның көретін азаптары туралы
07.06.2018 11:55
723
0

Алла айтты:

 Айт : Аллаға және Елшісіне бағыныңдар ! Ал егер теріс бұрылсаңдар , онда Алла кәпірлерді жақсы көрмейді ! (3:32). Мұның мағынасы, егер иман келтіргендер Аллаға және Оның Елшісіне бағынудан бас тартса, онда Алла олардың тәубесін қабыл етпейді және кешірмейді, тәкәппарлық пен сенбегені үшін Ібілістің тәубесі қабыл болмағаны сияқты болады, бірақ Алла Адам а.с.тәубесін қабыл етіп кешірді, себебі ол жасаған күнәсын мойындап , өзін сөгіп өкінді. 

Бұл нағыз күнә болмаса да, себебі пайғамбарлар бұзылған емес, олар пайғамбарлыққа дейін және одан соң да күнә жасамайды, бірақ Алланың тиым салғанын бұзды, сондықтан Адам мен Хауа айтты :

Біздің Құдайымыз ! Біз өзімізге қарсы әділетсіздік жасадық, егер Сен бізді рахым етіп кешірмесең , біз шығынға ұшырағандардың қатарында боламыз (7:23), және Адам а.с. тәубе жасауға асықты және Алланың рахымына ілікті. 

Ібіліс болса күнәсын мойындамады және өкінбеді, өзін кінәсіз деп есептеп тәубе жасамады және ол тәкәппарланып Алланың рахметінен айырылды. Кім Ібіліс сияқты жасаса оның тәубесі қабыл болмайды, ал кім Адам сияқты жасаса Алла оның тәубесін қабыл етеді, себебі күнәның негізінде - нәпсі болса онда кешірімді күтуге болады, бірақ тәкәппарлықтан болған күнә кешірілмейді. Адамның күнәсы нәпсіден болды, ал ібілістің күнәсы тәкәппарлықтан туындаған .

Ібіліс Мұсаға а.с. келіп айтты:

-Алла өзіне Елші қылып таңдаған және сөйлескен сен бе?

Мұса жауап берді:

-Ия, саған не керек, кімсің? 

Ібіліс айтты:

 -Мұса, өзіңнің Құдайыңа айтшы, Оның бір жаратылысы тәубе жасағысы келеді.

 Алла Мұсаға айтып, жауабын білдірді:

- Мен сенің өтінішіңді алдым, Мұса оған бұйыр Адамның моласының алдында сәжде жасасын, егер ол мұны жасаса онда оның тәубесі қабыл болып күнәлары кешіріледі . 

Мұса мұны ібіліске айтқан кезде, ол ашуланып тәкәппарланып айтты:

-Мұса! Мен оған Жәннатта сәжде жасамадым, енді ол өлген кезде қалай оған сәжде жасаймын?! 

Ібілістің Тозақтағы азабы күшейген кезде одан сұрайды:

-Алланың жазасы қандай екен ?

Ол жауап береді:

-Бұл ең ауыр жаза.

Және ібіліске айтады:

- Міне Адам жәннаттың бақшаларында - сені кешіру үшін оған сәжде жасап кешірім сұра. 

Ол бас тартып Тозақ тұрғындарымен салыстырғанда оның азабын жетпіс есе күшейтеді. 

Алла әрбір жүз мың жылда ібілісті Тозақтан шығарып Адамға сәжде жасауға бұйырады, ібіліс бас тартып Тозаққа қайтарылады.
Бауырлар ! Егер ібілістен құтылғыңыз келсе онда Алладан қорған тілеп Оған жүгініңдер. 

Қиямет күні оттан болған тақ қояды және оған ібіліс отырады, қарғыс оған, оның жанында шайтандар мен кәпірлер жиналады. Ібіліс есектің ақыруына ұқсаған даусымен айтады:

- Тозақтың тұрғындары ! Сендердің Құдайларыңның уәдесі қандай екен ?

Олар жауап береді:

- Ақиқатында, бұл шындық.

Ол айтады:

- Бұл менің Мейірімнен күдер үзген күнім.

 Алла періштелерге ібілісті және оған ергендерді оттан болған күрзімен ұруға бұйырады, бұл қырық жылға жалғасады, және шығу туралы бұйрықты ешқашан естімейді. Алла бізді бұдан сақтасын ! 

Қиямет күні ібілісті әкеліп оттан болған таққа отыруды бұйрық етеді, оның мойнында қарғыстан тұратын моншақ болады. Алла тозақтың әскелеріне ібілісті тақтан сүйреп Отқа лақтыруды бұйырады. Олар тақтан түсіру үшін оған асылып тартсада, бірақ оны түсіре алмайды. Сосын Алла Жебірейілге және сексен мың періштеге бұйырып, олар да түсіре алмайды. Сосын Исрафилге, сосын Әзірейілге әрқайсымен сексен мың періште жабылып, бірақ ібілісті отты тақтан түсіре алмайды. 
Және оларға Алла айтады:

- Егер бұл үшін мен жаратқан періштелерден бернеше есе көп жиналса да, оның мойнында қарғыстың моншағы тұрған кезде олар оны жылжыта алмайды.

Төменгі аспанда ібілістің есімі - "Абид - құлшылық жасаушы" болды, екінші аспанда - " Захид - аскет "өзін ұстаушы, үшінші аспанда - Ариф - білуші, төртінші аспанда - Уәли - Аллаға жақын, бесінші аспанда - Тақый - құдайданқорқушы, алтыншы аспанда - Хазин - сақтаушы, жетінші аспанда - Әзәзіл болды, ал сақталған тағдыр кітабында - ібіліс - ол өзінің істерінің нәтижесіне көңіл бөлмейді.

Алла оған Адамға сәжде жасауды бұйырды, ібіліс айтты:

 -Сен оны менен жақсы деп санайсың, бірақ мен одан артықпын. 
Сен мені оттан жараттың, ал оны топырақтан жараттың.

Алла айтты:

- Мен қалағанымды жасаймын !

Ібіліс өзін артық санап, періштелер сәжде жасап болғанға дейін тәкәппарлығынан Адамға теріс қарап тұрды. Періштелер бастарын сәждеден көтерген кезде ібілістің сәжде жасамағанын көрді, періштелер рахметін білдіріп екінші рет сәждеге жығылды, ал ібіліс сол күйі тұра берді және періштелер ібілістің бұлардан бас тартып, өкініп Адамға сәжде жасауды қаламайтынын түсінді. 

Алла ібілістің әдемі келбетін шошқаға ұқсайтын етті, басын - түйенің басына ұқсатты, көкірегін үлкен түйенің өркешіне ұқсатты, жүзін маймылдың түріне ұқсатты, көзін - бүкіл бетіне жарды, мұрнын - шаштараздың ыдысы сияқты ашық қылды, ернін - бұқаның ерніндей, мүйізін - қабанның мүйізіндей тікірейтті, ал иегінде жеті тал сақал қалдырып Жәннаттан қуды, сосын аспаннан қуды, сосын арал мен жерден қуды және ол жерге жасырынып қана келеді, Алла оны Қиямет күніне дейін қарғыс етті, себебі ол кәпірлердің бірі болды. 

Қарашы - ібілістің бейнесі әдемі еді, төрт қанатты, көп құлшылық ететін, үлкен білімі бар, періштелердің арасындағы ең жақсысы және ұлысы еді, жақындатылған періштелердің мырзасы т.с.с. , бірақ бұның бәрі оны құтқармады және ештеңе бермеді:

 Мұның барлығында - ескерту бар (39:21).

Ібіліспен осы жағдай болған кезде Жебірейіл мен Микаил жылады. 
Алла сұрады:

- Неге жылап жатсыңдар ?

Олар жауап берді:

- Құдайым ! Біз Сенің жазаңнан қорғаулы емеспіз.

Және Алла айтты:

- Менің жазамнан сендер де қорғалмағандарыңды ұмытпаңдар !

Және Ібіліс айтты:

- Құдайым ! Сен мені Адам үшін Жәннаттан қудың және мен Сенің еркіңнен тыс оны жеңе алмаймын.

Алла айтты:

- Сен оның ұрпағына билік етесің, яғни пайғамбарлардан басқа. 

Ібіліс айтты:

- Мені күштірек қыл !

Ол жауап берді:

- Адамда ұл туылған кезде сенде де сондай ұл туылады.

Ібіліс сұрады:

- Мені бұдан да күштірек қыл !

Алла жауап берді:

- Олардың жүректері - сенің үйің , сен онда қан сияқты ағып жүресің. 

Ібіліс айтты:

- Тағы!

Алла жауап берді:

- Оларға қарсы жаяу және атты әскеріңді жібер ; Олармен байлықты бөліс, яғни оларды тиым салынған тәсілмен дүние алуға және ысырап етуге ынталандыр. Және олармен балаларымен бөліс, яғни әйелге етеккір келген кезде қосылуға үгіттеп тиым салынған тәсілмен тудыруға ынталандыр, және Абд аль - узза сияқты есім қойғанда қатыс, дұрыс емес дінмен және жамандық пен ұсқынсыз істермен тура жолдан тайдыр ; Оларға уәде бер (17:64), яғни оларға пұттардың шапағаты туралы өтірік уәде бер. Тәубені созу және жазасыздық : Қалағандарыңды жасаңдар ! (41:40).

Адам айтты:

- Құдайым! Сен оған менің үстімнен билік бердің және мен Сенің көмегің арқылы ғана одан қорғана аламын,

Алла жауап берді:

- Сенде ұл туылған кезде Мен оны қорғайтын бір періштені бекітемін.

Адам сұрады:

- Маған күш қосшы ! 

Алла айтты:

- Жақсылық үшін сыйақы он есе беріледі.

Адам сұрады:

- Тағы қосшы !

Алла айтт:

- Олардың рухы денесінде тұрған кезде Мен оларға тәубеге келетін мүмкіндік беремін.

Адам сұрады:

- Тағы қосшы !

Алла жауап берді:

- Мен оларды кешіріп қатаң есеп алмаймын .

Және ібіліс айтты:

- Құдайым! Сен Адамның ұлдарынан елшілер жасап оларға кітап түсірдің, ал менің елшілерім кімдер ?

Ол жауап берді:

- Сиқыршылар.

Және ібіліс сұрады :

-Ал менің кітаптарым не болады ?

Ол жауап берді:

- Татуировкалар.

Ібіліс сұрады:

- Ал менің хадистерім ше ?

Ол жауап берді :

-Өтірік.

 Ібіліс сұрады :

-Құраным ше ?

Ол жауап берді :

-Өлеңдер.

 Ібіліс сұрады :

- Менің азаншым кім болады ?

Ол жауап берді :

-Сырнай.

Ібіліс сұрады :

Мешітім ше ?

- Ол жауап берді : Базарлар.

Ібіліс сұрады:

- Менің тамағым не болады ?

Ол жауап берді:

- Менің есімім аталмай жеген тағам.

 Ібіліс сұрады:

- Мен не ішемін ?

Ол жауап берді:

- Спирттік ішімдіктер.

Ібіліс сұрады:

 Менің төсегім не болады ?

Ол жауап берді:

- Жезөкшелер.

 

0 пікір