Ғибадаттарды қазаға қалдырса қалай болады?
Ғибадаттарды қазаға қалдырса қалай болады?
05.12.2017 13:48
355
0

Сұрақ: “Адам қартайған кезінде жас кезіндегідей оңай ғибадат ете алмайды. Ұзақ уақыт дәретті болып жүре алмайды. Ауру-сырқаттан намаздарын дұрыс оқи алмайды. Рамазан айының оразасын да ұстай алмайды. Қазасын өтей алмайтындығы айтпай-ақ түсінікті. Сол үшін оразаларды және намаздарды қазаға қалдырмау керек” деп естідім. Егер адам мүлдем қартаймаса және үнемі жас күйінде қалса, оразасын және намазын қазаға қалдыруы жаиз бола ма?

Жауап: Мүлдем жаиз болмайды. Намаз оқу мен қартаюдың бір-бірімен еш қатысы жоқ. Үнемі жас болып қалса да, зейнетке шыққанда бақуатты болып тұрса да, қазаларын оңай өтей алса да, парыздарды қазаға қалдырғаны үшін харам істеген болады. Бір ғибадатты уақытылы орындаумен қазасын өтеудің арасындағы сауаптың айырмашылығы көкпен жердей.

Бір хадис шәрифте былай делінеді:

«Рамазанда бір күн ораза ұстамаған адам оның орнына бір жыл бойы ораза тұтса да, Рамазандағы сол күннің сауабына қауыша алмайды.» (Тирмизи) 

Намаз да ораза секілді өз уақытында өтелетін ғибадат. Бір уақыт намазды қазаға қалдыру үлкен күнә. Қазасын өтесе де күнәсі кешірілмейді. Қазаға қалдырғаны үшін бөлек тәубе етуі керек. 

Зейнеткер болғанда, қазаларын өтей алған адам тек қана азаптан құтылады. Алайда намаздан және оразадан түсетін үлкен сауаптарға қауыша алмайды. Құрбандық шалмай, қазасын өтеген адам яғни кейіннен құрбандықтың құнын өтеген адам да азаптан құтылғанымен құрбандық шалу сауабына қауыша алмайды.

Намазды қазаға қалдыру үлкен күнә болғанындай қазасын кешіктіру де үлкен күнә. Бұл күнә қазасын өтейтіндей уақыт өткен сайын арта береді. Қазасын өтеуді кешіктіргенде тәубе етуі парыз болады. (С. Әбәдийа) 

0 пікір