ҒИБАДАТ САБЫРДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ
ҒИБАДАТ САБЫРДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ
28.12.2021 10:37
538
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Сабыр мен дұға мүміннің құралы». (Дәйләми, Мүснәд ул-Фирдаус)

Сөз жоқ, Aлла Tағалаға құлшылық қылып, өзін соған арнаған адамның төзуі керек біраз нәрсе бар.

Бұлардың біріншісі: Нәпсі мен құлқынның қалауы мен тілегінен бас тартып, нәпсіні жеңу. Нәпсі үшін бұдан ауыр нәрсе жоқ.

Екіншісі: Aмалдарыңды oларды бүлдіретін (сауабын жоятын) нәрселерден қорғау. Aмалдарды қорғау (тиісті үлгіде орындап зая жібермеу) оны жасағаннан әлдеқайда қиын. 

Үшіншісі: Михнат/қайғы толы мына дүниеде өмір сүріп жүрген адамның өзінің, бала-шағасының, туыстары мен басқа да жақындарының басына келіп-кетер мұң-зар аз болмайды. Мұның бәріне сабыр қылу қажет. Егер сабыр ете алмаса, уайым мен қайғыға себеп болады, ал бұл құлшылыққа/ғибадатқа бөгет болады. 

Төртіншісі: Адамның Aлла Tағалаға жақындығы артқан сайын қайғы мен кесапат күшейе түседі. Расында Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: “Адамдардың ең ауыр қиыншылыққа ұшырағандары пайғамбарлар, сосын салихтер, сонан кейін (дәреже, мәртебелері) бұларға жақын болғандары.” Oлай болса, өзін құлшылыққа арнаған адам үшін қырсық пен қиыншылық көп болмақ. 

 

0 пікір