ҒАЙБАТ ТЫҢДАУ ЖӘНЕ ҒАЙБАТТЫҢ ТӘУБЕСІ
ҒАЙБАТ ТЫҢДАУ ЖӘНЕ ҒАЙБАТТЫҢ ТӘУБЕСІ
05.08.2021 08:41
2448
0

Жәбір ибн Абдулла (р.а.) былай риуаят еткен: Пайғамбарымызбен (с.а.у.) бірге болғанда жиіркенішті, жаман иіс шықты. Пайғамбарымыз (с.а.у.) осы кезде: «Мұның не екенін білесіңдер ме? Бұл - мүміндерді ғайбаттағандардың иісі» - деді. (Бұхари, «әл-Әдәб ул-Муфрәд»)

 Ғайбат – бір кісіні жанында болмаған уақытта ұнатпайтын нәрсемен еске алу. Егер жамандағы нәрсе онда бар болса ғайбат болады. Егер жоқ болса ифтира болады. Бұл үлкен күнә. 

Ғайбат тыңдаған кісі ғайбат еткенді тоқтатпаса ғайдаттың күнәсінан құтыла алмайды. Егер ғайбаттың жамандығынан қорықса жүрегімен қарсы шығу керек. Егер тұрып кететін немесе сөзді басқа тақырыпқа ауыстыруға мүмкіндігі бола тұра жасамаса ғайбат күнәсына ортақ болады. 

Хадис шәріпте былай делінген:

«Ғайбатты тыңдаған ғайбат еткендердің бірі».

«Артынан мұсылман бауырының намысын қорғаған кісіні тозақ отынан азат ету Алла Тағаланың хаққы (оның уәдесі) болады».

Адамдарың сақтануы үшін  көрсетіп күнә жасаған азғынды және сенімі бұзық бидғатшыны ғайбаттау – сауап. Бір ауыл немесе кенттің халқының кейбір жаман істерін де айту ғайбат саналмайды. Барлығын емес ол істі жасағандарды меңзегендіктен кімдерді айтқаны білінбейді.

Неке, сапар, ортақтық, көршілік, аманат тапсыру сияқты нәрселер үшін бір кісі жайында сұралғанда айтқан дұрыс сөзі ғайбат болмайды. 

Бір сатып алушының жасанды ақша бергенін көрген, бұдан сақтандыру үшін айтуы да ғайбат болмайды. 

Ғайбаттың тәубесі ғайбаттаған адамынан кешірім сұрау. Оны таба алмаса оның кәффәраты истиғфар және тәубе етіп, өкіну. Егер мүмкін болса ғайбаттаған нәрселерінің барлығын оған айтып кешірім сұрау керек және Алладан кешірім сұрап, тәубе ету керек. Алайда айтқанда фитна шығатын болса айтпайды. 

Ғайбаттаған адам өлген болса мұрагерлерінен кешірім сұрауы қажет емес. Оның кәффәраты; өкініш, тәубе және истиғфар.

 

0 пікір