ФАРАНЖАНЫҢ МӘЖБҮР ЕМЕСТІГІ ЖАЙЫНДА
ФАРАНЖАНЫҢ МӘЖБҮР ЕМЕСТІГІ ЖАЙЫНДА
23.06.2020 10:20
232
0

Орта Азия және Қазақстан Мұсылмандары Дін Басқармасының 1947 -  жыл 20 – январда шығарған пәтуәлары

Бірінші қазіргі заманымыздың ахуалы барлық жер бетінің әрбір халқы дамуға көшіп, әлеуметтік жағдайларын түзеу үшін  қарқынмен әрекет етуде.

Осы дәуірде Орта Азия мұсылман әйел қыздарының кейбіреулері фаранжа секілді нәрселермен орану әдетімен әуре болып, бұл әдеттері ғылым үйренуге және ер адамдармен әлеуметтік тұрмысты түзуді үйренуге және осындай себептермен ер адамдарға жүк болып тұр. Олар өздерінің фаранжамен жүруді шариғат жолымен дұрыс деп біліп егер сол фаранжаны тастаған жағдайда өздеріні күнәхар деп ойлайды. Біздің әйел қыздарымыздың мұндай жағдайда болуларын көрген басқа діннің өкілдері бұл жағдайға сын көзбен қарауда, алайда кейбір исламелдерінде әйел қыздардың басым бөлігі осындай әдет- ғырыптан құтылып мәдениет әлемінде алға басып дамып жатқаны айдан анық.

СССР лік  - Татарстан, Азербайжан, Бащқұрдстан, Дағыстан, Қырғызстан, Қазақстан, Түікменстан – мұсылман әйел қыздардың барлығы фаранжадан құтқарылған, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің әйел- қыздарыңың басым көпшілігі да оранудан құтқарылған, бірақ Өзбекстан және Тәжікстанның кейбір аймақтарында бұл әдет- ғұрып үзбестен жалғасын тауып келе жатыр. Бірнеше кісілер тарапынан фаранжаға орану әдет ғұрпының Құран Кәрім және шариғат бойынша үкімі қандай деп сұрағандықтан Муфти хазреттері бұл мәселені пилениум мүшелерімен бірге жанжақты зерттеп төмендегі пәтуә және шариғи үкімді шығарды:

Хижап жайлы Құран аяттары:

« Мүмін әйелдерге де айт: Бөгде ерлерден көздерін сақтасын, әрі ұятты жерлерін қорғасын. Сондай- ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінген жерлері ғана» «Нұр сүресі 31- аят» Құртубидің тәпсірінде «Білезік, жүзік, қына және сүрме секілді зинеттердің орны болған жүз, көз, қас, екі қол, білек және аяқтарды ашық халде қоюға рұхсат етілген»  делінген. Кашшаф тәпсірінде және Жәләлйін тәпсірінде: «Әрбір намаз оқушыға намазда әуретіні жабу тиесілі еді, бірақ әйелдерге жүзімен екі қолыны ашық ұстауға ижмағпен рұхсат болып, бұдан басқа дене мүшелеріні намазда көрсетпеуі керек болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әйелдердің білектерінің жартысына дейін ашулары дұрыс деген. Осы сөздерден белгілі болғандай еркектердің әурет болмаған жерлеріні ашуы секілді әйел қыздардың да әурет болмаған жерлерін намаздан басқа уақытта да ашып жүрулеріне болады. Яғни жүз, қол, және аяқтардың ашық болуы харам емес» делінген.

Фиқһ кітаптарында хижап мәселесі:

Әйел қыздардың жүз, қол, білек және аятқары әурет емес. Шариғи тұрғыдан оларды бүркеп жүрулері парыз немесе уәжіп емес. Еркектердің болса әйел қыздармен жұмыс және мәміле кезінде әйелдердің жоғарыдакөрсетілген ағзаларына қарауларына болады. Бірақ жаман ниетпен қарамау керек. Осы жоғарыда көрсетілген аяттар, тәпсірлер хадистер және фиқһ кітаптарының мазмұындарынан мұсылман әйел қыздардың жоғарыда көрсетілген дене мүшелеріні ашық ұстауларының рұхсатының шариғи үкімін ашық түрде шығаруға болады және фаранжа жамылып жүрумен міндетделмеген. « Мәсәле кітаптары»

Еркектерде жолдан азады деген қорқумен әйелдердің фаранжа оранулары парыз немесе уәжіп емес. Қайта еркектер жолдаз азбас үшін өздері ықтыятты болулары керек. Себебі Алла Тағала былай деп бұйырған:

 « Мұхаммед ғ.с Мүміндерге айт: Бөгде әйелдерге қараудан көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін зинадан қорғасын

Абдуллаһ бин Аббастан келген бір хадисте Пайғамбарымыздың (ғ.с) өмірінің соңына жақын қажылыққа бара жатқанда артына Фазл бин Аббас деген кісі мінгескен еді. Бұл қажылар арасында Хүсғам тайпасынан бір жас әйел кісі Пайғамбарымыздың (ғ.с) алдына келіп қажылық турасында пәтуә сұрауға бекінді. Сол мезетте Фазл бин Аббастың көзі жас әйелде еді, әйелдіңде көзі Фазлда еді. Себебі екеуі де жас және шырайлы еді. Сол уақытта Пайғамбарымыз (ғ.с) қолдарымен Фазлдың басын басқа тарапқа бұрып қойды. Бірақ әйелге жүзіңді жасыр деп бұйырмады. Егерде ол әйелге жүзіні жасыру керек болғанда жүзіңді жасыр деп бұйыратын еді және  өзіде әрі басқалары да ол әйелге қарамаған болар еді.

Масғұд бин Ифрағтың қызы Рабиға: « Біз әйелдер Алланың елшісімен бірге соғысқа баратын едік, жауынгерлерге су тасып оларға қызмет ететін едік. Жараланған әскерлердің жараларын байлап олардан өлген жауынгерлердің өліктерін Мәдинаға таситын едік» деген.

Жоғарыдағы аят және хадистердің көрсетуі бойынша басқа халықтардың әйел- қыздары секілді біздің әйел- қыздарымыз да ғылымға ынталанып дәрігер, профессор, инжинер, буғалтер, мұғалім, әдебиетші және ақын болып жетілулері керек. Шариғатта бұған ешбір кедергі жоқ. Қайта шариғат дамуды бұйырады. Біздер Орта Азия және Қазақстан мұысламандаырының дін басқармасы да алқа мүшелері жоғарыдығының ақиқат екендігін қол қоюларымызбен растаймыз және үгіттейміз және аталған пәтуә шариғи үкім деп амалға асыруға қол қойғандар діни басқарманың алқа мүшелері.

 

ДІНИ БАСҚАРМАНЫҢ МҮШЕЛЕРІ:

Мұрат Қожа Салих Қожаұлы

Абдулғаффар Шәмсиддинұлы

Шәріп Тұғанбайұлы

Кәмәледдин Шабданұлы

Бәшірхан Ысхақұлы

Салих Баба Кіланұлы

 

Тәфтиш камиссия мүшелері:

Шакир Хияледдинұлы

Закир Қари Ғанихан ұлы

Шапағат Қажы Халықназарұлы

 

«Орта Азия және Қазақстан Мұсылмандары Дін Басқармасы» журналы,1948- жыл, №5-6

 

Дайындаған: «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі

20.06.2020

0 пікір