ЕЛІКТЕУ (ҰҚСАУ)
ЕЛІКТЕУ (ҰҚСАУ)
31.12.2021 07:30
80
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Басқаларға ұқсаған, бізден емес». (Сүнән Тирмизи)

Мұсылман баласы кәпірлердің әдетіндегі өзгешелікке еліктеуден сақтануға тиіс. Өйткені ол амал-әрекет не күпірге себеп болады, не адамның иманын әлсіретеді.

Aлла Tағала Ниса сүресінің 115-аятында былай дейді (мағынасы): “Ал кімде-кім тура жол өзіне анық айқындалғаннан кейін Алла елшісіне қарсы келіп, мүміндердің жолынан өзге (теріс) жолдарға түсетін болса, онда оны бет бұрған жағына бұрып, өзі түскен теріс жолда сол күйі қалдырамыз һәм жаһаннамға тастаймыз. Ол қандай жаман ақырғы тұрақ!” 

Aлла Tағала әзиз кітабының біраз аятында біз ғибрат алсын деп, өткен үмметтердің жай-күйін баян қылады және олар душар болған күпір, пасықтық, мақтан тәрізді күйге ұрынып, соларға ұқсаудан бізді сақтандырады. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Бізден басқаларға ұқсауға әуес болған жан бізден емес” деген.

Пайғамбарымыз (с.a.у.) мүшріктер мен олардың іс-әрекетін жақсы көрмеуді бұйырған, олармен дос болмайық, олар да бізге қатыспасын. Өйткені адамның табиғатына басқалардың мінезі жұғады.

Хадис ғұламаларынан Aқил әс-Сүләми (рaх.) былай дейді: “Aлла Tағала Исраил нәсіліне жіберген пайғамбарларының біріне былай уаһи жіберген: Қауымыңа айт, менің жауларымның (харам) асынан жемесін, (харам) сусынынан ішпесін. Олардың түрі мен тұрпатына еліктемесін, әйтпесе қауымың да менің жауыма айналады.”

Пайғамбарымызға (с.а.у.) бағынған адам оның аулақ болғандарынан теріс айналуға тиіс. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жақындамаған қауыммен әлдеқандай ауыс-түйіс, келісім-қатынаста болған адам Пайғамбарымызға (с.а.у.) сондай мөлшерде қарсы шыққан саналады.

Хүлбүт-Tаиден (р.a.) риуаят болған; Пайғамбарымыз (с.a.у.) айтты: “Көңіліңде (жүрегіңде) сені христиандарға ұқсауға итермелейтін ынта туып жүрмесін.” 

 

 

 

0 пікір