Екіжүзді адам жалғыз қалса...
Екіжүзді адам жалғыз қалса...
12.05.2019 15:15
1024
0

- Екіжүзді адам жалғыз қалса, намаздарын тауық жер шоқыған сияқты тез-тез оқиды.

- Екіжүзді адам жалғыз қалса, намаздарының сүннеттерін оқымай, тек парыздарын ғана оқи салады.

- Екіжүзді адам жалғыз қалса, намаздарын қаза қылып оқиды, жинап оқиды.

- Екіжүзді адам жалғыз қалса, намаздарында қысқа-қысқа сүре оқи салады, имам болса ұзақ сүрелер оқып өзін көрсетеді.

- Екіжүзді адам жалғыз қалса, намаздарындағы рукуғ пен сəждені шала жасай салады.

- Екіжүзді адам жалғыз қалса, намаздарынан кейін тасбих тартпай, дұға етпей бірден тұрып кетеді.

- Екіжүзді адам жалғыз қалса, намаздарын оқығанда "Мені адам көріп тұрған жоқ" деп, қалай болса солай оқи салады....деп!

-Намазды жамағаттың арасында қалай оқысаң, жеке қалғанда да солай оқы. Тіпті одан да ұзақ оқы... 

Алла Тағала баршасын көріп тұр!

 

 

0 пікір