Дүниенің үш бетке қараған жүзі бар!
Дүниенің үш бетке қараған жүзі бар!
14.06.2019 10:15
2099
0

Жындар, періштелер және шайтандардың болуына сенуге болады ма? Шынайы өмірде өзге әлем тұрғындарымен  қаншалықты байланысқа түсе аламыз? Екі өмірді де бірдей сыйлайтын Алла Тағала «адамды не мақсатпен жаратты?» деген сұрақ бізден де бұрын талай жанды толғандырған. Бұл сауалдарды діни ағарту ісіне өз үлесін қосып келе жатқан Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, теология ғылымдарының докторы Мұхитдин Исаұлы Паттеевтен қойған едік

үние не үшін жаралғанАдам, жындар әлемі, періштелер жөнінде айтып берсеңіз:

-Алла дүниені не үшін жаратты? Ең алдымен ол өзінің құдіреттілігін, өнерін көрсету мақсатымен табиғатты үлкен көрме етіп, жер бетіне тіршілік дәнін екті. Осының барлығын түсіне алатын, сезінетін ақылды жандарды көргісі келді. Содан ол періштелерді  жаратты, оларда ерік бар, бірақ  жаманшылыққа емес, 99,9% жақсылыққа бұрылады.

Одан кейін жындар бар, олар оттан жаратылғандықтан, метафизикаға көбірек бейімделеді және көзге көрінбейді.

Үшінші, адам Халифа болып жаратылды, сөйтіп жынды оған табындырып қойды. Ібіліс өзінен артық ешкімді қабылдағысы келмеді, оның алдында ол тақуалығымен аты шыққан періштелердің ұстазы еді. «Мен адамнан биікпін, үстеммін!» деп мойындамағаннан кейін Алла оны жұмақтағы орнынан қуып жіберді.

Кейін ол хазірет Адам мен Хауа ананы жер бетіне түсіргеннен соң, оларды азғыруға кірісті. Осыдан адам мен шайтанның арасындағы мәңгілік талас басталды. Ібіліс жұмақтан айырылып, тозаққа баратын болғандықтан, өзімен адамның ұрпағын да алып кеткісі келді.

Адамнан қай уақытта бала туылса, шайтан оның артына өзінің шәкірттерін қойып қойды. Осы жерде шәкірттер қайдан пайда болды?-деген сұрақ тууы мүмкін. Оның жауабы: адам пайда болмас бұрын жер бетінде жындар өмір сүрді. Алла Тағала  «Зәриәт» сүресінің 56-аятында: «Мен жындар мен адамдарды өзіме құлшылыққылуы үшін жараттым» деген. Байқасаңыз, жынды бірінші атап көрсетеді. Олар жер бетін жайлаған уақытта араларында қатты қақтығыс шығып, бұзықшылық жасады.

Жаратушы аспаннан Жебірейіл періштені әскерімен жіберіп, жер бетінен қуды, жазалады. Біразын тауға, біразын теңізге тастады. Содан бері жындар кәдімгідей алшақта тұрса да, адамдармен етене араласып кетті. Олардың өздері құрған орталықтары бар, Бермуд ұштағаны туралы хабардар боларсыз, жердің сол аймағында жұмбақ оқиғалар болып жатады.

Жындардың өмір сүру ұзақтығы 2000 жылдан 6000 жылға шейін жалғаса береді. Бізбенен параллелді түрде өмір сүргендіктен, белгілі бір уақыт аралығында олардың Алланың есімдері арқылы жіберілген кодын пайдаланып, біздің әлемге өтетін уақыты болады. Олар  біздің өмірімізге әр түрлі кейіпте өтеді: шыбын не жылан сияқты жан-жануарлардың түрінде көрінеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Егер шыбын немесе жыланды көре қалсаңдар, алдымен 3 рет «Алла разылығыүшін кет!» деп айтыңдар. Себебі жын сендердің бауырларың болуы мүмкін» дейді. «Жын бауырларың болуы мүмкін» дегені жындар мұсылман және кәпір болып екіге бөлінетіндігінен. Сол сияқты олар адам кейпінде де келуі мүмкін.

Дежавью және түс көруді қалай түсіндіруге болады?  

Кейде, адам бір мезет өзі көріп отырған сәтті бұрынырақта бір жерден көрген сияқты сезімде болады, ол «түс әлемі» деп аталады.  Түс пайғамбар өмірінің 46/1 бөлігін қамтыған. Оған күндіз болатын барлық әрекеттер түсінде 6 ай бойы қайталанып отырған.  Адамда да кейде түсінде көргені тікелей болмаса да қайталанатын кездері болады. Тіпті, осыдан 10 жыл бұрын көрген түс, танымайтын адамдарды дәл қазір көруіңіз мүмкін. Адам ұйқыда жатқанда жаны саяхаттап, дем алады. Сол кезде аспаннан тағдыр сәулелері шашырап, адам санасына түседі.

-Қазіргі кезде адамдар тұрмыстағы ұрыс-керіс, қиыншылықтарға тап бола қалса, бақсы-балгерлерге барады. Кейде олардың айтқаны келіп жатады, мұны қалай түсіндірер едіңіз?

-Бақсы-балгерлер сол жындармен байланыс орнатады. Жындар періштелердің адам тағдыры жайында айтып жатқан әңгімесінен тың тыңдайды. Сол кезде оларды періштелер байқап қалып, жұлдыз пішіндес шоқтармен атқылай бастайды. Бір шындықты естіген жын оған 99 өтірік қосып, әтеш шақырғандай бақсының құлағына сыбырлайды. Оған сенген адам күнәға батады. Тағдырға не жазылғаны Алланың өзіне ғана аян, болашақты білу адамға қажет емес. Оның өмірі өзінің еркіне байланысты етіп жасалады. Сондықтан ол өз қалауымен өмір сүреді. Бірақ барлық істері алдын ала минут-секундына дейін бекітіліп қойылған.

-Адам өмірінің мәні неде? Жәннат пен тозақ туралы айтсаңыз:

-Дүниенің үш бетке қараған жүзі бар.

 Біріншісі Аллаға қараған беті - есімдердің айнасы бұл сұлулықтың, тазалықтың, барлық ғылымдардың көрсеткіші.

Екіншісі, ақыретке қараған беті. Адам еңбекке ұмтылу арқылы, ізгілікке бой ұсынып, өзгелерге мейірімді болуының арқасында мәңгілік өміріне сауап жинайды.

Үшіншісі, дүниенің өзіне өзі қараған беті – жалған дүние, сұм дүние, қу дүние, байлық, құмар ойындар, нәпсі барлығы да өткінші өмірдің баянсыз әрі өкінішке толы көрінісі. 

Адам ананың құрсағында пайда болған шақтан бастап, сан түрлі әлемдерге өтеді. Нәрестеге ана ішінде жатқан уақытында: «бұдан да үлкен әлем бар» десе ол сенбейді екен. Ал бұл өмірде бізге: «бұдан да үлкен әлем бар» десе біз сенбес едік.

Адам дүниеден өткеннен кейін рухтар әлеміне барады. Ол тозаққа бармас бұрын алдымен жердің қат-қабаттарының астына түседі. Одан тозаққа жіберіледі. Жәннатта өмір сүреді. О дүниеге өткен кезде адамның бойы 30 аршын болады екен, ол шамамен 20 метр және жасы өмірінің қақ ортасындағы 33 жаста болады. Әйелдер 18 жаста болады деп те айтылады.

Адам топырақтан жаратылып, сүйегі қайта жерге беріліп, өмірге қайта келеді. Ол құранның «Әл-Бақара» сүресінің 28-ші аятында айтылады. Өмірде адамдар кейде өздері танымайтын жанмен таныса қалса, ерекше жақын тартып тез достасып кетеді. Оның шешуі бұл жандар рухтар әлемінде жақын болған.

-Алланың жер бетіне түсірген 4 кітабы жөнінде айтып берсеңіз. Мұсылман адам құран кітаптан өзгесін оқығаны дұрыс па?

-Жерге 4 кітап түсірілген, «Зәбүр» - Дәуітке, «Тәурат» Мұсаға, «Інжіл» -Ғайсаға, «Құран» -Мұхаммедке, барлығы жыр-өлең түрінде келеді. Құран соңғы түскені және онда жазылған дүниелерде барлық кітаптың жиынтығы бар. Ол қай заманда да жарамды. Онда жазылған аяттар бір емес бірнеше мағынаны үстейді, сондықтан тікелей аудармаға келмейді.

Басқа тілдерге «тафсир», яғни түсіндірме түрінде аударылады. Ал басқа кітаптарды оқу не үшін керек? Мәселен Қазақстан бұрынғы кеңес үкіметінің конституциясымен, құрылымымен өмір сүрмейді ғой. Сол себепті мұсылман Құранды  оқығаны дұрыс. Ондағы хадистермен Аллаға құлшылық етіп, жақсы амалдар жасауы арқылы мәңгілік өмірді сатып алады. 

                     

Имамдардыңұстазы атанып жүрген Мұхитдин Исаұлының пікірі осындай. Адам баласы  жын-перілердің бар екендігіне сенбесе де, бір күштің, жаратушының бар екенін әсте іштей мойындайды. Сондықтан, әр жаратылыс өз орнымен бір-бірініңөміріне араласпай, Алла бекіткен ережемен қалуы керек. Жын-шайтандар неге мазалауы керек адамды? Егер пенденің ниеті  тура,  жүрегі таза, құлшылығы берік болса? «Адам атаулының бәрiн бiр бауырдай етiп, екi өмiрде де жақсылықпен өмiр сүргiзетiн жалғыз жол – осы мұсылман жолы секiлдi» деген пайымға келген Шәкәрімше?!

Алланы танып, ар-ожданды жоғалтпай өмір сүрейік.

 

Сұхбаттасқан: Замира Пулатова

0 пікір